Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы



бет8/10
Дата07.02.2022
өлшемі397,49 Kb.
#95633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
каз. Мейоз
4 тапсырма критери, 4 тапсырма критери, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий құрастыру, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий құрастыру, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий , тест, ПЕДАГОГИКА тест, ББЦТ емтихан пос (1)
Ер адамдардағы мейоз
Сперматогенез үдерісінің 64 күнге дейін созылады. Сперматогониялар барлық даму сатысынан өтіп сперматозиодтарға айналады.
Хромосомалардың диплоидты бірінші реттік сперматоциттер мейоздың І-ші сатысын өткеннен кейін хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар екі екінші реттік сперматоциттер түзіледі. Соңынан мейоз ІІ жүреді нәтижесінде төрт гаплоидты сперматидтер пайда болады. Қалыптасу кезеңінде жетілмеген сперматидтер сперматозоидтарға айналады.
Әйел адамдардағы мейоз
Овогенез ұрықтың дамуының 12 аптасында басталып 20-шы аптасына қарай даму тоқтайды. Бірінші реттік овоциттер профаза І-дің диплотена сатысында овуляция басталғанша тыныштық күйде қалады, бұл кезеңді диктиотена кезеңі деп атайды.
Айына бір ғана овоцит пісіп жетіледі. Гормондар әсерінен бірінші реттік овоцитке цитоплазмалық материалдар жинақталып, ісінеді. Мейоз І соңында екі жаңа жасушалар түзіліп біреуі овоциттердің екінші қатарына ал екінші ядро бірінші реттік бағыттаушы денеге айналады, уақыт өте дегенерацияланады. Екінші реттік ововцит жатырға немесе фаллопиев түтігіне түседі.
Сперматозоидтар енгенге дейін еінші реттік овоциттер мейоз ІІ метафазасында тоқтап қалады. Бұл үдерістерден кейін бөліну аяқталады және жұмыртқа жасушасының гаплоидты пронуклеусы түзіліп сперматозоидтың пронуклеусымен қосылады, сонымен қатар екінші реттік бағыттаушы денешік түзіледі, артынан дегенерацияланады. Ұрықтанудың қай уақытта басталуына байланысты бұл үрдістің ұзақтығы 12-50 жылға дейін созылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет