РНҚ молекуласының құрылысы
РНҚ, полинуклеотид тізбегі, полярлы болып келеді, яғни оның 51 және 31 ұштары болады. Сол сияқты, РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылықтары да белгілі.
1) ең негізгі айырмашылығы РНҚ молекуласы қосширатпалы емес бір ширатпалы. Оның 3 себебі бар.
а) біріншіден, РНҚ молекуласындағы пентоза (қант) дезоксирибоза емес, қосымша гидрокси тобы бар, рибоза болып табылады. Ал, қосымша гидрокси тобы қосширатпалы құрылымның түзілуін тежейді.
б) екіншіден, РНҚ молекуласында негізгі не мажорлық азоттық негіздерден тиминнің орнына урацил кездеседі (А, Г, Ц, У). Урацил тиминнен 5 метил тобының болмауымен ерекшеленеді. Осыған байланысты А-У арасында гиброфобтық әрекеттесу күші А-Т-ға қарағанда әжептәуір әлсіз болады. Ал бұл тұрақты қосширатпалық құралымның түзілу мүмкіндігін төмендетеді.
в) РНҚ молекуласында (әсіресе т РНҚ-да) өзгерген, модификацияланған минорлық негіздердің және нуклеозидтердің мөлшері өте көп. Олардың ішінде –дигидроуридин (урацилде 1 сутектік байланыс болмайды, яғни 3 сутектік байланыстың орнына 2 болады); псевдоуридин (урацил рибозамен ерекше байланысқан); диметиладенин және диметилгуанин (азоттық негіздерде екі қосымша метил топтары болады). Бұл негіздер комплиментарлы әрекеттесуге қабілетсіз. Осының бәрі қосширатпалы құрылымның пайда болуына кедергі келтіреді.
Сонымен, көпшілікке мәлім РНҚ молекуласының бір ширатпалы болуының орасан зор биологиялық маңызы бар, себебі РНҚ өзінің негізгі қызметтерін тек бір ширатпалы күйінде ғана орындай алады, бұл әсіресе а-РНҚ молекуласына тән: мысалы, қалайша қосширатпалы а-РНҚ рибосомаларда трансляцияланар еді. Сонымен қатар, РНҚ негізінен бір ширатпалы (тізбекті) болуымен бірге, кейде қосширатпалы «ілмекшелер» де пайда етеді (т-РНҚ). Құрылысы, қызметтері жағынан түрліше болып келетін 3 түрлі РНҚ белгілі: а-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ.
Ақпараттық РНҚ (А-РНҚ) құрылысының ерекшеліктері
А-РНҚ молекулаларында полипептид тізбегі туралы ақпарат болатындықтан, олардың жасушадағы жалпы саны өте көп болады.
Осыған қарамастан:
1) а-РНҚ-лардың бәрі жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-пайызын ғана құрайды.
2) а-РНҚ-лар қанашалықты көп болғанымен бәрінің құрылысы бір біріне ұқсас, яғни а-РНҚ-ның сызықтық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады.
а) оның 51 ұшында «қалпақша» не кэп деп аталатын учаске орналасқан, ол 4-5 модификацияланған нуклеотидтерден құралған:
(7-метил-Г) –ф-ф-ф- (2-01-метил -Х)-ф-(2-01 –метил-У)-ф- - - -
Достарыңызбен бөлісу: |