Гомеодомендік ақуыздар
Бұл ақуыздардың ерекшелігі-гомеодомендер деп аталатын біртипті домендердің болуы.
Гомеодомен, шамамен, 60-тай аминқышқылдарынан құрылған, құрылысы жағынан прокариоттардың ақуыз-репрессорларына ұқсас болады.
в) «Мырыш саусақтары» болатын ақуыздар.
Бұл ақуыздардың саусақтәрізді құрылымдары болады. Олар мырыш атомының 2 цистеин және 2 гистидин аминқышқылдарының қалдықтарымен 4 байланыс пайда ету арқылы тұрақтанады.
«Мырыш саусақтары бар» ақуыздардың ДНҚ мен әрекеттесуі
Саусақтың сыртқы бетінде ДНҚ-ның белгілі бір нуклеотид бірізділігін арнайы танитын -ширатпа орналасқан. Саусақтардың саны әртүрлі ақуыздарда түрліше болады.
Бұл топқа эукариоттардың көптеген ретеуші ақуыздары, атап айтқанда стероидтық гормондардың жасушаішілік ақуыз-рецепторлары жатады.
г) Лейцин «ілдіргіші» бар ақуыздар.
Бұл топқа бір бірімен Лейцин қалдықтары арасындағы гидрофобтық байланыстар арқылы қосылған 2 субъединицадан (бөлшектен) тұратын ақуыздар кіреді. ДНҚ-мен байланысатын учаскеде негіздер қасиетіне ие аминқышқылдар-аргинин және лизин көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |