Газдың кез - келген теңсіздіктегі күйі толық бейберекет қозғалысы мен молекулалары жылдамдықтарының максвеллше таралуын бұзады. Тепе - теңдіктен шыққан газ барлық уақытта қайтадан тепе-теңдік күйге келуге ұмтылады. Бұл молекулалардың толық бейберекет қозғалысы бір-бірімен үздіксіз соқтығысу нәтижесінде жылдамдық, энергияның өзгеруі арқылы жүреді. Тепе - теңдік күйге өту барысында газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралуы масса, импульс және энергия тасымалдауға байланысты болғандықтан бұл процесті тасымалдау құбылысы деп атайды. Теңсіздіктегі күйде тасымалдау құбылысының әрбір нақты жағдайындағы процестер молекулалардың жылдамдық бойынша максвелше таралуынан ауытқуы арқылы анықталынады. Тасымалдау құбылысы дәл есептеу әдісі болмағандықтан, негізгі заңдылықтарын көрсететін жуықтау әдісімен шектелеміз. Газдың тасымалдау құбылысына ішкі үйкеліс немесе тұтқырлығы, жылуөткізгіштігі және диффузия құбылысы жатады. Тұтқырлық - импульсқа, жылуөткізгіштік - кинетикалық энергия, ал диффузия - молекула массасын тасымалдауға негізделген. Бұл үш құбылыс алғашқыда тасымалдаудың молекулалық механизміне үңілмей, тек тәжірибелік жолмен зерттелінген. Газдағы тұтқырлық, жылуөткізгіштік, диффузия құбылысын қарастырайық. 1.Тұтқырлық Газ ағыны қозғалмайтын ХОУ жазықтығында ОХ осінің бағытымен қозғалсын (18-сурет). Газдың әр қабырғасындағы қозғалысының жылдамдығы әртүрлі болады. Олай болса, бір-біріне жапсарлас қабаттардың арасында үйкеліс күші пайда болады:
, (2.69)
мұндағы, -тұтқырлық коэффициенті; - - осі бағытындағы газ ағыны жылдамдығының градиенті. Бейберекет жылулық қозғалыстағы молекулалар газ ағынымен реттелген қозғалысқа түседі. Олай болса, әрбір молекуланың импульсін екі құраушыға жіктеуге болады. Бірі бейберекет қозғалыс негізінде болса, екіншісі газ ағынымен реттелеген қозғалысқа сәйкес келеді. Егер газдың барлық нүктесіндегі температура бірдей болса, онда бір қабаттан келесі қабатқа өткен молекуланың бейберекет қозғалысқа тән импульстің құраушысы өзгермейді, ал бағытталған қозғалысқа тән импульс құраушысының өзгерісін анықтау үшін Z координатасына сәйкес екі қабаттың шекарасынан S бетті бөліп алайық (18-сурет). Жылдамдығы жоғары қабаттан жылдамдығы төмен қабатқа бұл ауданша арқылы өткен молекулалар баяу молекулармен соқтығысып, өзінің артық импульсін беріп, олардың жылдамдықтарын арттырады. Ал, керісінше, жылдамдығы төмен қабаттан жылдамдығы жоғарғы қабатқа өткен молекулалар жоғары жылдамдықтағы молекулалар соқтығысынан өзінің импульсін арттырып, енген қабаттың қозғалысына кедергі келтіреді.
Бұл ауданша арқылы өтетін импульс құраушысы соңғы молекуламен соқтығысқан жер-дегі газ ағынының жылдамдық мәнімен анықталынады. Бұл орташа алғанда ауданшадан молекуланың еркін жүріс жо-лының орташа ұзындығына тең арақашықтықта болады. Сондықтан ауданша арқылы төменнен жоғарыға өткен молекулаларға коорди-