Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет50/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2
термин Ж З хариплери, 2022 халык аралык конф, 2022 халык аралык конф EO
45
Education
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін 
қорытып баяндайды. Графикалық жұмыстар барлық 
пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар 
құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады. 
Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет са-
бақтарында кеңінен пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданыла-
тыны — жаттығу әдісі [1]. Бұл әдіс оқушыларда біліктер 
мен дарындыларды қалыптастырады. Оқу барысында те-
ориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, 
тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Соң-
дықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолда-
нылады. Жаттығу жұмыстары негізінен тіл мен матема-
тика, сонымен бірге, шет тілдерін оқу пәндерінде көбірек 
жүргізіледі. Оқушылар осы пәндердің мазмұнына қа-
тысты теориялық білімдерін пысықтау барысында прак-
тикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақта-
рында жазбаша есеп шығару, тіл сабақтарында диктант 
жазу, грамматика және фонетика жұмыстарын орындау. 
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау 
белсенділігін арттырады. Өзіндік жұмыстарына оқушы-
лардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма 
жұмыстары да жатады. Оқушылардың осыңдай жұмы-
стары жазбаша жаттығу деп аталады. Ауызша жаттығу 
оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану 
мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге болуге бо-
лады [4]. Біріншісі — ғылыми пәндердің ережелері мен 
қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі —оқу материа-
лының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі — көркем 
әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау 
немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып 
беру. Оқыту әдістері — оқыту процесінің барлық кезең-
дерінде оқытудың түрлі мақсат-міндеттерін орындау ба-
рысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағыт-
талуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың 
таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигі-
зетін әдістерге айрықша назар аудару қажет. Оқыту әді-
стерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде 
оларды таңдай білуі бүгінгі күннің басты мәселесі болып 
отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың 
жана формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне 
педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. 
Алайда, оқыту әдісін қайта құру — күрделі процестің бірі. 
Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке 
жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың 
ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, 
оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақы-
рыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен 
көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес
сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып 
отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы бел-
гілі шарттарға байланысты болып келеді [3].
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, окушы-
лардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай 
қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құрал-
дарын, кабинет жабдықтарын ескеру.
3. Білім беру ұйымының географиялық орналасуын 
ескеру. Мысалы, оқытуды оқушылардың өндіріс орында-
рына экскурсия жасау жағдайымен байланыстыру.
4. Оқытушының іс-тәжірибесінің шығармашылық си-
патына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шара-
ларды іске асыру.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әр түрлі әдістер қол-
данылады. Оқу әдістерін таңдауда және қолдануда әді-
стердің мақсаты мен оқытудың міндеттеріне және әрбір 
нақты пәнге сәйкес, оқу материалының мазмұнына, оқы-
тушының мүмкіншіліктеріне және оқу барысында кезде-
сетін жағдайларға тәуелді.
Әдебиет:
1. Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық оқулары «Педагогтің кәсіби өсуі — білім 
берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» баяндамалар жинағы. — Алматы, 2013. — І бөлім. — 482 б.
2. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі // Білім әлемі. — 2004. — № 6.
3. Жартынова Ж. А. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. — Алматы, 2014.
4. Құдайбергенова К. С. Мектептегі іс-әрекетті зерттеу. — Алматы, 2013.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет