Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет58/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

51
Education
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
зулар шығып кетеді деп ойлайсындар? Оқушылар бұрын-
соңды компьютермен, телефон түрлерімен жұмыс жасап 
жүргеннен кейін бұл сұрақтар аса қиындық туғызбай, 
«вирус» — деген жауапты тез алдым.
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Сәйкес мәтінді 
тап» атты жұптық жұмыс жүргіздім. Мақсатым: жаңа са-
бақты меңгеру барысындағы оқушылардың алған білім-
дерін пысықтау болды. Кестеде орны алмастырылған 2 
сұрақ берілді. Жұпта орындалған тапсырманы бір — 
біріне тексерту арқылы оқушылар бірін — бірі критерий 
арқылы бағалады.
Сабақ үстінде кроссворд шешуге арналған қысқаша 
бақылау жұмыстарының да орындауға болады. Кроссворд 
жасау — үй жұмысы. Балалар әдебиетпен танысып, тер-
миндерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім 
олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын кроссвордтың 
құрылу күрделілігін, қателерді тексереді. Кроссворд-
тармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты 
етіп өткізуге көмектеседі. Олар оқушылардың шығар-
машылық жұмыспен айналасуына түрткі болады, олардың 
тек компьютерге жұмыс істеуге ғана қызығушылығын 
емес, пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да 
басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Мы-
салы, «Литерлік шамаларды өңдеу операциялары» тақы-
рыбын өткенде, қиып алып желімдеу операцияларын да 
қарастыруға болады, олардың жаңа сөздер табуға көмек-
тесетінін де айтып кеткен жөн.
Информатика пәні — басқа пәндерден алған білім-
дерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, 
оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқараста-
рының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін 
жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық 
байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс — 
күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Информа-
тика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушы-
лардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен 
кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланылыстығын, ин-
форматика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екенді-
гіне көздері жетеді. Компьютерді экологияны, табиғатты 
қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға, 
информатиканы география, физика, химия, еңбек, құқық, 
математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байла-
ныстыруға болады. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі 
ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік 
ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі 
адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. 
Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін 
өзі жақсы қорғай алады. Ендеше қоғам талабына сай білім 
беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі 
оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді 
білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.
Әдебиет:
1. Тәжібаева С. Г. Педагогика. — А., 2007.
2. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар // Қазақстан мектебі. — 2012. — № 5.
3. Чернилевский Д. В. Креативная педагогика и психология. — М., Академический проект, 2004. — 560 с.
4. Жұмабаев М.. Педагогика. — Алматы, Ана тілі, 1992. — 160 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет