20 Государство и право «Молодой учёный»
. № 5.2 (109.2)
. Март, 2016 г.
Г О С У Д А Р С Т В О И П Р А В О Мәңгілік ел — елдің болашағы Жусупбекова Мадина Қойшибайқызы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Б
із тәуелсіз егеменді елміз.
Тәуелсіз және егеменді елдің мақсаты және мін-
деті — тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу. Ол ушін не істеу
керек? Ол ушін біздің ұлттық рухты нығайтып, әдет —
ғұрып пен дәстурді сақтай отырып, қазақстандық патри-
отизмді дамыту керек.
Осы жерде әрине, Елбасының «Мәнгілік ел» идеясы
манызды орын алады.
Әрине, қазіргі Қазақстан ұлттық біркелкілік пен мәдени
тұтастықты, дербестікті қалыптастырған мемлекет, бірақ
«Мәнгілік ел» идеясы саяси, әлеуметтік-экономикалық
егемендік пен қатар рухани тәуелсіздікке жетуді көздейді.
Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан тау-
сылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының
ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мы-
зғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм
дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан
қоғамының осындай ұлы құндылығы [1].
Мәңгілік ел дегеніміз өткен тарихымызға тағзым, бү-
гінгі бақытымызға мақтаныш, гүлденген келешекке сенім.
Сонымен қатар, отанды сүю — бабалардан мирас болған
ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау,
өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат
етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұ-
мысының түпкі мәні — осы!
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр
деп айтуға болады. «Мәнгілік ел» ұғымы өзінің бастауын сақ,
ежелгі түрік уақытынан алады деп, «Мәңгілік ел» идеясы
ата бабадан мұраға қалдырылған идея деп тұжырымдауға
болады. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұр-
тының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл
біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры си-
яқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді [1].
Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бү-
гінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі
мен діліне нұқсан келтірмей, барлық азаматтарға тең мүм-
кіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз.
Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты бай-
лығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осыны біз әрбір жа-
стың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
Мәнғілік елдің қағидалары ҚР Конституциясынан
бастау алады. Олар: қазақстанның тәуелсіздігі; ұлттық
бірлік, бейбітшілік және қоғамдағы келісім; зайырлы
қоғам және жоғары имандылық; индустриализация және
инновация негізінде экономикалық өсу; Жалпы Енбек
Қоғамы; тарих, мәдениет және тіл бірлігі; ұлттық қа-
упсіздік және жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді
шешуде жахандық қатысу
[2]. Осы құндылықтар арқа-
сында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық,
ұлы жетістіктерімізді еселедік.
Әрине, қазіргі тәуелсіз демократиялық Қазақстан бир
шама жетістіктерге жетті.
Біріншіден, біздің ел әлемдік қауымдастықта лайықты
орын алды. Халықаралық қатынастарда біздің елді іскер
және беделді әріптес ретінде қабылдайды.
Екіншіден, қоғам мен мемлекет құрылымын бел-
гілейтін біздің Ата заңымыз бар. Оңы халықтық деп есеп-
теуге болады, өйткені оның авторы халық болып табы-
лады. ҚР Конституциясы халықтың бірлігін белгіледі,
ортақ тарихи тағдыры бар барлық ұлттарды Қазақстан
жерінде біріктірді.
Ең алдымен ҚР Конституциясы қоғамдық
тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді.
Өйткені, реформаның жүргізілуі, демократияның дамуы,
жаңа ұрпақтың идеологиясының қалыптасуы, барлық
азаматтардың өмір сүруге лайықты жағдайлар жасалуы
қоғамдық тұрақтылықсыз мүмкін емес.
Осы тұрғыда айтып кету керек, Қазақстанда бір-
неше ұлт өкілдері өмір суреді, сондықтан Конституцияда
қоғамдық келісіммен саяси тұрақтылық сияқты негізгі
қағидалар белгіленген. Көпұлттық мемлекет жағдайында
азаматтардың тенділігі, бірлігі, азаматтық бейбітшілік
өмір сүрудің негізі болып табылады.
Үшіншіден, елімізде манызды реформалар жүргізілді:
нарықтық экономика құрылды, демократиялық елдің не-
гіздері қаланды.
Реформаларға тоқталар болсақ, мысалы, ҚР Конститу-
циясының 30 бабында «Қазақстан Республикасы азамат-
тардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға
және конкурстық негізде тегін жоғарғы білім алуға кеп-