Іш киімін ауыстыру.
Стационарда іш киімді гигиеналық ванна қабылдағаннан соң 7-10 күнде бір рет ауыстырылады. Өте әлсіз, тершең және салақ науқастардың іш киімі жиі ауыстырылады. Үстіндегі көйлегін шешу үшін мейірбике науқастың сегізкөзі аймағынан көйлектің шетінен ұстап басына қарай қайырып, оның қолын көтерген күйде қайырылған көйлекті алдымен мойны арқылы басынан, содан соң қолынан шешеді. Көйлекті кигізгенде керісінше, алдымен қолынан, содан соң басы арқылы кигізеді. Науқастың қолы жарақаттанған болса алдымен сау қолын шешеді, кигізгенде алдымен жарақаттанған қолынан бастап кигізеді.
Төсек жаймасын ауыстыру.
Төсек жаймасын аптасына бір рет гигиеналық ваннандан кейін ауыстырады. Кейбір жағдайда былғанған кезде қосымша ауыстырылады.
Бөлімшеде жаймалардың бір сөткелік қоры болу керек. Жаймаларды орталық жылуландырудың радиаторына жайып кептіріп, қайта науқасқа беруге болмайды. Ластанған жаймаларды клеенкалы қапқа салып дереу палатадан шығарады. Жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын мейірбике кіші мейірбикенің көмегімен ауыстырады. Науқасқа отыруға рұқсат болса мейірбике оны орындыққа отырғызады, ал кіші мейірбике бұл кезде төсек жаймасын ауыстырады. Төсектегі жатқан науқастың төсек жаймасын ауыстырғанда жайманы бас және аяқ жағынан валик тәрізде орап жайлап шығарып алады. Екі жағынан ортасына дейін оралған таза жайманы науқастың сегізкөзінің астына жайлап салып науқастың бас және аяқ жағына қарай бағыттап тегістеп жаяды. Жаймада қыртыстар болмау керек. Жайманы басқа тәсілмен ауыстыруға болады: науқасты төсектің қырына қарай аунатып, ластанған жайманы ұзынынан бинт тәрізді орап, оның орынан таза жайманы жаяды. Науқас көп физикалық күш жұмсамау үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |