Молотов-Лучанский В. Б., Туймебаева А. Т., Туймебаев А. А. Клиникаға кіріспе



бет12/36
Дата25.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#104833
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
KLINIKA 1170 A KIRISPE

Стерильді қолғапты кию ережесі

  1. Стерильді қорапты ашып қолғапты алу,

  2. Қолғаптың білек бөлігін сыртқа қайырып, оның ішкі жағына саусақтарды тигізбей оң жақ қолдың қолғабын алады.

  3. Оң қолдың саусақтарын бір-бірімен біріктіріп қолғапқа саусақтарды енгізеді.

  4. Қолғапты киіп, оң қолдың саусақтарының арасын ашады.

  5. Қолғап киілген оң жақ қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен сол жақ қолдың қолғабын оның ішкі жағына оң қолдың саусақтырын тигізбей етіп алады.

  6. Сол қолдың саусақтарын біріктіріп қолғапқа енгізеді

  7. алдымен сол қолдағы, одан соң оң қолдағы қолғаптың қайырылған шетін түзейді.


Стерильді қолғапты шешу ережесі


  1. Оң қолдың саусақтарын сол қолдағы қолғаптың сыртқы жағына тигізбей, оның ішкі жағына енгізіп, қолғапты сыртқа қарай қайырады.

  2. Сол қолдың саусақтарын қолғаптан суырып, қолғапты сыртқа қарай қайыру.

  3. Оң қолмен сол қолдағы қолғаптың қайырылған шетінен ұстап оны шешу.

  4. Сол қолмен оң қолдағы қалғаптың қайырылған шетінен қолдың ішіне қарай енгізіп шешу.

  5. Екі қолғапты да дез.ерітінді құйылған ыдысқа салады.


Ескерту: бір рет қолданылатын қолғаптарды дезинфекциялағаннан соң жояды, ал көп рет қолданылатын қолғаптарды медициналық тағайындауларға арналған құралдар сияқты өңделінеді.
Емшара бөлмесінде кәсіптік жұқтырулардың алдын-алу.
Емшара бөлмесінде жұмыс жасау кезінде пациенттің ақпаратты статусы туралы білу мүмкін емес, сондықтан да «Еліміздегі гепатитпен ауырытындардың санын төмендету шаралдары туралы» деген 12.07.89ж №408 бұйрықта ұсынылған сақтану ережелеріне бағынуға тура келеді.

  1. Жұмыс істеу кезінде бір рет қолданылатын құралдарды пайдаланған дұрыс.

  2. Құралдар 90100176 от 06.08.97 ж. СанПин «Медициналық тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау және дезинфекциялау» бойынша өңделінеді.

  3. Пациенттің қаны және биологиялық сұйықтықтары арқылы аурулар жұғуы мүмікн барлық манипуляцияларды орындағанда міндетті түрде латексті қолғап, маска, клеенкалы фартук кию қажет

  4. Қолды щеткамен жууға болмайды.

  5. Қанмен былғанған құралдарды дезинфекциялық ерітіндіге салғаннан кейін ғана тазалайды.

  6. Жұмыс орнында жаңадан дайындалған дезинфекциялық ерітінділер, мақталы дөңгелектер, пробиркалар, шприцтер, инелер және т.б. болу керек.

  7. Емшара бөлмесінде аптечка болу керек.

  8. Лабораторияға бағытталған жолдамаларды пробирканың ішіне салмай, ыдыстың сыртына жабыстыру керек .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет