Міндетті жағдай: терісі сау тырнақтары боялмаған қол. Алдымен тырнақ астындағы кірді тазалап қолды ағынды сумен жуу.
Дайындық:
1. саусақтағы сақинаны шешіп, терінің бүтіндігін тексеру
2. халаттың жеңін шынтаққа дейін түріп, сағатты
3. шүмекті ашып, судың температурасын ретту (35-40)
Орындау:
Қолды сабындап, су ағатын шүмекті сабындап жуады, (шынтақпен жабылатын шүмек жуылмайды) сабынды таза салфеткаға немесе сабын салғышқа салады.
Ағынды судың астында қолды сабындап алдымен білектің 2/3 бөлігіне дейін, саусақтың арасын мұқият 30 секунд жуады, содан кейін алақанды және қолдың сыртқы бөлігін саусақтармен айналдырмалы қозғалыс жасап жуады.
Қолдағы сабын көбіктерін тазалау үшін қолды ағынды сумен шаяды
Ескерту: қолдың басындағы су шынтаққа қарай ағу үшін саусақтарды жоғары қаратып қолды көтеру керек (қолды су ағатын шүмекке тигізбейді).
Қолды жууды осы тәртіппен қайталаңыз.
Аяқтау:
1. салфетка арқылы шүмекті жабады (шынтақпен жабылатын шүмекті шынтақпен басып жабады).
2. Қолды жеке орамалмен немесе кептіргішпен кептіреді.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу.
Қолды гигиеналық тазалау ең нәтижелі болып саналады.
Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолды деконтаминациялау.
Көрсеткіш:
қолғапты киер алдында және шешкеннен соң;
организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жұмыс істегенде;
иммунитеті төмендеген науқастарды күту алдында.
Жабдықтар: кір сабын, секунд көрсететін тілі бар сағат, жылы ағынды су, пинцет, мақта шариктері, салфеткалар. дез.ерітінді құйылған ыдыс.
Достарыңызбен бөлісу: |