Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет56/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

Алты чуб соғдақ тапа сүледім. Будунығ 
анта буздым. Табғач оң тутуқ бес түмен сү келті. Ыдуқ башда сүңүстім 
(БҚ, 
25) 
// Алты чуб / алты баулы/ соғдаққа қарсы соғыстым, халқын сонда 
жауладым. Табғаштық он тутық бастаған бес түмен /бес мың/ әскер келді, 
ыдуқ баста соғыстым
.
Білге қаған ескерткішінде кездесетін бұл үзіндіде 
алты чуб соғдақ // алты 
чуб / алты баулы/ соғдақ, бес түмен сү // бес түмен /бес мың/ әскер 
құрылымдары «сандық мөлшер» семантикасын білдіреді. Ғ.Айдаров бірінші 
конструкциядағы «чуб» сөзін «бау» деп берсе, екінші конструкциядағы «
бес 
түмен» 
тіркесімін 
«бес мың»
деп түсініктеме береді. Алайда 
түмен
сөзі 
он мың
деген сандық ұғымды білдіретіні айқын. Олай болса, 
бес түмен сү
конструкциясы 
елу мың әскер
деген сандық мөлшерді білдірсе керек.
Түмен // 
түмен
сөзінің сандық мәні (он мың) болғанымен, конструкцияда ол сан 


70 
компоненті емес, мөлшерлік компоненттің қызметін атқарады. Ал ДТС-те 
чуб 
сөзінің мағынасы былайша түсіндіріледі: «ČUB [кит. 

чжоу, čiu область̓ ?]: altï 
čub см. altï.» [188, с. 156]. Түсіндірменің соңына сұрау белгісі қойылуына 
қарағанда, бұл болжам ретінде ұсынылғаны аңғарылады. Біз бұл болжамның 
қисыны бар екенін жоққа шығармаймыз. Дей тұрғанмен көшпенді түркілер 
териториялық аумақ бойынша емес, туыстық қатынас негізінде тармақтарға 
жіктелетінін ескерсек, 
чуб // 

чжоу
болжамын тек сәйкестік ретінде қабылдауға 
тура келеді. Бұл әлі де жан-жақты дәлелдеуді қажет етеді. Қалай болса да 
алты 
чуб соғдақ 
конструкциясы алты рулы (алты бұтақты, алты териториялық аумаққа 
бөлінген) елдің тұтас халқын білдіреді. Бұл – «белгісіз сандық мөлшер» ұғымы. 
Осы арада 
бау
сөзіне де назар аударып, бір үзік болжамдарымызды айта 
кеткіміз келеді. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрінде бала дүниеге келгенде 
«бауы берік болсын» деп айтады. Мұндағы 
бау
сөзімен тарихи ескерткіштерде 
кездесетін 
бау 
сөзінің қандай да бір семантикалық байланысы бар сияқты. Яғни 
бау
сөзі 
кіндік
мағынасын білдіреді де, қандастық қатынасты негіз еткен 
ру
мағынасына ауысып, бір кіндіктен тараған
алты рулы ел
мағынасын білдірсе 
керек. 
Чуб // бау
сөзі дербес тұрғанда да тұтас бір рулы елдің халқын білдіреді. 
Бұған дәйек ретінде Енисей ескерткіштеріне жататын Уюк-Тарлак 
ескерткішіндегі Н.Базылханның мына дерегін ұсынамыз: (Е-1): 
Есіз еліме 
Кунчуйыма оғланыма бодуныма есізіме алтмыш йашымда адырылтым. Атым 
Ел Тоған Тутуқ. Бен теңрі елімке елчісі ертім. Алты бағ будунқа бег ертім // 
Қайран елімнен, ханымымнан (бәйбішемнен), ұланымнан, халқымнан, қандай 
өкінішті, алпыс жасымда (айырылдым). Атым-Ел Тоған Тұтұқ. Мен тәңірі 
еліме елшісі еді. Алты баулы халыққа бек едім 
[189, 170 б.], – деген мәтіндер 
кездеседі. Мұнда 
Алты бағ бодуң // алты баулы
халық мөлшерлік 
конструкциясы туыстық қатынас бойынша алты рулы елден біріккен халықты 
білдіреді. Сондай-ақ 
бағ
сөзі мен қазақ тіліндегі 
бау (кіндік)
сөзінің төркіндестігі 
аңғарылады.
Кейде бұл мөлшерлік конструкцияда сан есім компонентінің орнына зат 
есім сөздері ауысып жұмсалатын, тіпті ықшамдалып, түсіп қалатын кездері де 
болады. Мысалы, 
сүңүг батыма қарығ // сүңгі бойы қар 
конструкциясында сан 
компонентінің орнына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет