Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет57/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

сүңүг // сүңгі 
сөзі жұмсалған. Әдетте, конструкцияда сан 
компоненті – ең өзгермелі компонент саналады. Мөлшерлік семантикада сандық 
мәннің қажет емес тұстарында оның қызметін зат есім немесе заттанған басқа сөз 
таптары атқарады. Мысалы: 
Иеті отуз йашымда қырқ аз тапа сүледім, сүңүг 
батыма қарығ сөкшен 
(БҚ, 26) 
// Жиырма жеті жасымда қырық азға қарсы 
соғыстым, сүңгі бойы қарды аршыдым
.
Үзіндіде Білге қағанның Қырық азға (қырғыз) қарсы соғыста 
сүңгі бойы 
қарды
аршып (кешіп) барғаны айтылады. Мұнда 
сүңүг батыма қарығ 
мөлшерлік 
конструкциясы 
сүңгі бойымен бірдей
немесе 
сүңгі батарлық 
қалың қар 
семантикасын білдіреді. Конструкцияны тікелей аударсақ, 
сүңгі батпа қар
болар 
еді. Ғалым мұнда аздап еркін аудармаға ерік берген. Әдетте мұндай құрылымдар 
халықтық өлшем бірліктер саналады да, онда нақтылық болмайды, мөлшер 
шамалап айтылады.
 
Сүңгі бойымен өлшенетін қашықтық ешқандай сандық 
мәнді қажет етпейді, сондықтан сандық компонент қысқарып кетеді. 
Қимылдық мөлшерлік: 
алты йол сүңүшдім 
(БҚ., 28) 
// алты жол соғыстым; 
біш йолы сүңүшдіміз 
(КТү., 45) 
// бес жол соғыстық; екі йор тіді 
(Тар., 14) 
// екі 


71 
рет
шабуыл жасады; төрт йолы сүңүшдім 
(БҚ, 30)
 // төрт жол соғыстым; сү 
екі йегірмі...
/
сүңүшдім

 
(КТү., 28) 
// он екі /рет/ соғыстым 
т.б.
 
Бұл мөлшерлік құрылымдарда 
алты // алты, біш // бес, екі // екі, төрт // 
төрт, екі йегірмі // он екі 
сан есімдері – әдеттегідей, мөлшерлік конструкцияның 
бірінші компоненті. Бұл сан есімдер қимылдың дүркіндік мөлшерін сипаттайды. 
Қимылдың дүркіндік мөлшерін білдіретін мөлшерлік конструкцияларда да 
бір 
сан есімі, жоғарыда баяндалғандай, көпмағыналы, абстрактілі болып келсе,
сандық мән бір санынан жоғарылаған сайын нақтылана түседі. 
Йол // жол, йолы 
// жолы, йор // рет
мөлшерліктері – конструкцияның екінші компоненті. Олар 
сан есімдердің көмегімен белгілі іс-әрекеттің (соғыстың) қайталану мөлшерін 
білдіріп тұр. Мұнда осы екінші компонент тұрақтылық сипатымен ерекшеленеді. 
Ал
сүңүшдім // соғыстым, сүңүшдіміз // соғыстық, тіді // шабуыл жасады 
сөздері мөлшерлік конструкцияның үшінші компоненті болып, шамасы 
(дүркіндігі) өлшенетін қимыл-әрекет саналады. Осы үштік компонент біртұтас 
синтаксистік қатынаста, бірбүтін семантикалық байланыста келіп, қандай да іс-
қимылдың орындалу мөлшерін білдіреді. Мысалы: 
Отуз йашыма Бесбалық 
тапа сүледім, алты йол сүңүшдім...сүсін қоп өлүртім 
(БҚ, 28)
 // Отыз жасымда 
Бесбалыққа қарай аттандым, алты жол соғыстым, әскерін көп қырдым

 
Үзіндіде Білге қағанның түркі халықтарын біріктіру жолындағы ұлы 
соғыстары, қағанның Бесбалықта 
алты рет
соғысқаны айтылады. Мұнда 
йол 
мөлшерлігі жеке-дара тұрып мөлшерлік мағына білдірмейді, конструкция 
құрамында тұрып, соғыстың дүркіндік мөлшерін, дәрежесін білдіреді және 
мөлшерлік конструкцияны синтаксистік тұрғыдан байланыстырады. 
Мөлшерлік конструкцияның тағы бір айрықша формасы бар. Онда 
конструкция құрамындағы үш компоненттің біреуі (яғни екіншісі) ығысып 
шығып қалады. Ескерткіштерде де осындай формада келетін мөлшерлік 
бірліктер кездеседі:
 йеті йегірімі сүңүсді 
(Тон., 49)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет