Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет27/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.
1.2 тарау, физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Ғылыми 12-4
дәлдік, нақтылық 
семантикасы. Адам санасындағы кез келген нәрсенің қалыптасқан нормасы, 
стандарты болады. Ол санада уақыт, сұраныс, әртүрлі жағдайларға байланысты 
трансформацияға ұшырайды. Мысалы, 
жылқы 
десек, бізге, ең әуелі, 
стандарт 
ретінде қазақ жылқысының тұрқы елестейді, ешқашан да ағылшын, араб, 
түркімен жылқыларының тұрқы келмейді.
«Барлық заттардың өлшемі – 
адамның өзі» 
дейді Протагор. Мұның мәні – 
өлшем санадан тысқары емес, адам 
санасында өмір сүред
і дегендік. Яғни, болмыстағы нәрселерді адам ғана өлшеп-
пішеді. Себебі, ол адам үшін ғана маңызды. Маңыздылығы артқан сайын 
өлшемдер нақтылыққа, стандартқа айналады. Заттардың санада қалыптасқан 
типтік, модельдік нормасын 
стандарт
дейміз. Алайда
 стандарт
тілдік санада 
бір рет қана қалыптасқан, өзгермейтін нәрсе емес, ол заманға, танымға, 
қажеттілікке қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 
үй 
дегенде өткен замандарда бір 
қабатты үй елестесе, қазір қала мәдениетіндегі адамдар үшін екі не көп қабатты 
үйлер елестейді.
Өлшем (стандарт) 
ол мәдениетке де байланысты. Мысалы, 
көпбалалы отбасы
деген сөзді айтсақ, бұл ұғым қазақ танымында кемінде төрт 
немесе одан да көп балалы отбасын білдіреді. Ал өзге халықтарда, әсіресе, қытай, 
орыс, Еуропа халықтарында екі-үш балалы отбасы көпбалалы отбасыға жатады. 
Демек, 
стандарт
– әр мәдениет пен әр тарихи кезеңнің талабына сай 
қалыптасатын және өзгеріп отыратын, белгілі уақыт шегінде ғана тұрақты 
мөлшерлік шама.
Өлшем
– өлшеуден шығатын нақты мөлшерлік мән. Әдетте «
мөлшер» 
ұғымы жалпылама мағынасында 
өлшенген-өлшенбеген
немесе 
стандартталған-
Мөлшер
Параметр
Меже, болжам 
Симметрия 
Шама, қалып 
(Норма) 
Тепе-теңдік
Ауқым
(Объем) 
Дәреже 
Қарқын 
Деңгей 
Өлшем 
(Стандарт) 


37 
стандартталмаған
шамалардың бәрін қамтиды. Ал 
өлшем 
ретінде 
сипатталғанда, тек қана 
стандартталған
шамалардың жиынтық атауы ретінде 
танылады. С
тандарт
– әртүрлі заттар мен іс-әрекеттердің бәріне ортақ жиынтық 
мөлшер емес, бір түрлі заттың көпшілігіне ортақ норма. Мысалы, 
есіктің 
мөлшері қанша?
деп те, 
есіктің өлшемі қанша?
деп те айтуға болады. Бірінші 
тіркес есіктің болжалды мәнде сұралған санын білдіреді. Ал екінші тіркес 
биіктігі 2,1 м, кеңдігі 0,8 м келетін барлық есікке ортақ, нақты өлшемді (стандарт) 
білдіреді. Бірақ екеуі де мөлшер, бірі нақты, бірі болжалды. 
Өлшем 
нормативтік 
сипатқа ие, жалпыға ортақ, біртұтас қабылданған, нақты бекітілген және міндетті 
түрде талап етілетін мөлшерлік мәнді береді. Мысалы, 
еуроөлшем 
(евростандарт), мемлекеттік өлшем (госстандарт)
десек, бұл қабылданған, 
бекітілген нақты стандартты білдіреді. Ал мұны 
еуромөлшер, мемлекеттік 
мөлшер
деп айтуға келмейді. 
Өлшем
– зат пен іс-қимыл сапасының 
эталоны
. Ол қандай да бір 
қалыптасқан сандық мәнді және тұрақты норманы білдіреді. Ал сол өлшемнен 
артық не кем болса, ол 
бейөлшемді
саналады. 
Өлшем (стандарт)
нақты модель, 
стереотип болғандықтан, оның маңыздылығы күн санап артып бара жатыр. 
Ғылым мен техниканың, әсіресе, сандық технологиялардың дамуына және 
адамдар арасындағы қарым-қатынастың сапасы мен қажеттіліктердің өзгеруіне 
байланысты адамзат қоғамы стандарттау әлеміне көшуде. Тұрмыс-тіршілігі, 
айналасындағы заттарға болған танымы көбіне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет