Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет29/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.
1.2 тарау, физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Ғылыми 12-4
«Қаз тырнаның жүрісін саламын деп бұты айырылыпты» 
деген мәтел бар. Бұл шамасын білмей, нормадан тыс жасалған іс-әрекет пен 
қадамның тап болатын трагедиясын көрсететін нақыл. Ал тағы бір мақалында 
«
бетегеден биік бол, жусаннан аласа бол» 
дейді. Бұл 
әр нәрседе шектен шықпа, 
әр істе қалыпты межені өлшем ет 
дегенді білдіреді. Жоғарыдағы мысалдардан 
норма
зат пен құбылыстың ішкі қасиетіне көбірек бағытталтынын көруге болады. 
Демек, норма – қалып, шама, шек. Сондықтан «мөлшер» ұғымының 
нормалық
сипатына тән басты қасиет – 
шектілік.
Мөлшер, ол – симметрия.
Табиғаттағы барлық заттарда қандай да бір 
мөлшер болғанымен, ол тәртіпсіз шамалардың жиынтығы емес. Ол – белгілі 
үйлесімділікке құрылған және үйлесімділікпен өмір сүретін 
мөлшерлік 
пішіндердің
жиынтығы. Симметрия бір осте немесе бір жазықтықта жататын екі 
не одан да көп мөлшерлік пішіндерден түзіледі. Табиғаттағы көптеген заттардан 
үйлесімділіктің ізін табуға болады. Тұтас табиғат емес, бір бүтін заттың бойында 
да симметрияға құрылған көптеген элементтер кездеседі. Мысалы, 
көбелектің 
қанаттары, емен ағашының жапырағы
т.б.
Симметрия
жазықтықтағы 
пішіндердің сәйкестігі ғана емес, кеңістік пішіндердің де орналасу үйлесімділігін 
білдіреді. Мысалы, 
адамның екі қолы, екі көзі, екі құлағы, екі аяғы, тіптен, 
тұтас денесі
– бәрі-бәрі екі жарты пішіннің қосындысы сияқты бір остің 
бойында жатады. Мұнда үйлесімділік аса дәлдікке құрылмаса да, 
симметрия 
деп 
тануға әбден болады. Мұндай үйлесім жәндік, өсімдік, жан-жануар т.б. 
табиғаттағы көптеген тіршілік иелерінен кездеседі.
Қазақтар да аталмыш ұғымға аса байыппен қараған. Мәдениеті мен тұрмыс-
тіршілігінің кез келген саласынан 
симметрияны
табуға болады. Мысалы: ат-
әбзелдері 
(қоржын, өмілдірік, құйысқан, тізгін, ердің қапталы, 
т.б.
); 
ою-


39 
өрнектер 
(қошқар мүйіз, қосмүйіз, аймүйіз, қармақ, қосалқа, 
т.б.
)
; қолөнер 
бұйымдары 
(киіз үй, оның ішкі жабдықтары) 
бәрі-бәрі симметриялық өлшемге 
құрылған [164]. Заттардағы 
табиғи симметрия
жоғары деңгейдегі 
жаратылыстық қасиетті білдірсе
жасанды симметрия
адамзаттың өмір сүру 
сапасының және табиғатты тануының жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан 
симметрияны – аса дәлдікке құрылған мөлшерлік пішіндер, мөлшерлік шамалар 
деуге болады. Ал мөлшердің 
симметриялық
сипатына тән басты қасиет – 
дәлдік.
Мөлшер, ол – тепе-теңдік
. Мөлшер – біржақты ғана құбылыс емес, өзара 
қатар өмір сүретін екі немесе одан да көп шамалардың байланысы және екі 
немесе одан да көп нысандардың өзара селбестігі, ықпалдастығы. Мысалы, 
қазақтың
 алтыбақан
ойыны. Алтыбақанның тіреуіштерінен бастап, орналасуы, 
бірдей қашықтықта төрт жіптің байлануы, оны ойнаушы адамдарға дейін тепе-
теңдікті сақтайды. Тепе-теңдік – өте ауқымды және сан тараулы күрделі ұғым. 
Ол адамзат қоғамының кез келген саласы мен табиғат дүниесінің барлық 
нысандарына қатысты айтылады. Мысалы,
 құқықтық тепе-теңдік, әлеуметтік 
тепе-теңдік, саяси тепе-теңдік, химиялық тепе-теңдік, механикалық тепе-
теңдік, физикалық тепе-теңдік, 
т.б. Десек те, тепе-теңдікті ішкі сипатына қарай 
екі түрге бөлуге болады. Бірі – 
нақты тепе-теңдік
, екіншісі – 
шартты тепе-
теңдік
. Нақты тепе-теңдікте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет