Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет31/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.
1.2 тарау, физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Ғылыми 12-4
болжалды шама
ретінде сипаттау немесе 
болжалды мөлшерліктер – «мөлшер» ұғымының даму эрархиясындағы ескі 
кезеңдерді көрсететін тілдік және ұғымдық факті. Мөлшердің межелік сипатына 
тән басты қасиет – болжалдылық. 
Мөлшер, ол – көлем (обьем).
Заттар мен құбылыстардың жалпы мөлшері 
жекелеген тармақтардан құралғанымен, біртұтас мөлшерлік шама ретінде 
сипаттау тілдік тәжірибеде жиі кездеседі. Бұл тілдік қолданыс пен ұғымдық 
түсінікте жеңілдік, оңтайлылық тудырады. Мұндай бір бүтін мөлшерлік шама 
– 
көлем (объем) 
деп танылады. Көлем – қандай да бір заттардың кеңістіктегі нақты 
сыртқы пішінін көрсетумен қатар, қимыл-әрекеттің 
таралу аумағын, кеңістігін, 
өрісін, күшін
көрсететін өрісі кең ұғым. Сонымен қатар, көлем «ауқым», «аудан», 
«аймақ» ұғымдарын да қамтиды. Мысалы, 
ауқымды іс-шара, көлемді шығарма, 
кең көлемде атап өту, кең ауқымды дамыту
т.б. 
Объем 
заттар мен іс-әрекеттің 
ішкі, сыртқы мәніне бірдей иек артады. Сыртқы пішініне байланысты 
үлкен-кіші
тіресімдік ұғымы шеңберінде көрініс тапса, ішкі аумаққа байланысты 
кең-тар
тіресімдік ұғымы аясында көрініс табады. Мысалы, 
ірі көлемді
тауар айналымы 
десек, айналымға түскен тауар санының көптігі мен көлемінің үлкендігін 
білдірсе, 
кең көлемде атау, кең ауқымда насихаттау
десек, іс-әрекеттің белгілі 


41 
сфера ішіндегі (шеңберіндегі) таралу аймағын көрсетеді. 
Көлем
көбіне нақты 
пішінге ие заттардың кеңістік пен жазықтықтағы иеленетін аумағын көрсететін 
сөз. Ал абстрактілі заттық ұғымдарға келгенде семантикалық әлеуеті төмендей 
бастайды. Мысалы, 
көлемді жер, көлемді үй
деп айтылады, бірақ 
көлемді бақыт, 
көлемді қайғы
деп айтылмайды. Себебі, дерексіз ұғымдарда заттық пішін 
болмайды. Ал 
көлем
– нақты пішінге байланысты айтылатын ұғым. Жоғарыдағы 
мысалдарға қарағанда
көлем 
заттардың сыртқы пішіндік жағына көбірек 
қолданылса, 
ауқым
заттардың ішкі пішініне байланысты қолданылатын тәрізді. 
Мысалы, 
көлемді зат
дейміз, 
ауқымды зат
демейміз, 
ауқымды кеңістік
деп 
айтылады, 
көлемді кеңістік
деп айтылмайды. 
Көлем мен ауқымның (объем)
нақты сандық мәні болуы да, болмауы да мүмкін. Ол сол сәттегі ұғымдық 
қажеттілікке қарай анықталады. Қалай болғанда да,
 көлем, ауқым
– заттар мен іс-
қимылды
 
бір бүтін 
шама
ретінде танылады. Мөлшердің ауқымдық сипатына тән 
басты қасиет – 
жалпылық, тұтастық.
Мөлшер, ол – деңгей.
Заттар мен құбылыстар ұдайы өзгеріссіз бір қалыпта 
тұрмайды. Ол қашан да 
өзгеру, даму 
үдерісінде болады. Заттар мен 
құбылыстардың сапасы мен қасиетіндегі мұндай өзгеріс «сатылы мөлшер» 
ұғымын тудырады. Мысалы, 
алма
: Ол, ең әуелі, гүл қауашағында пайда болады, 
сосын тозаңданып, түйінге айналады, содан бастап оның көлемі мен сапасында 
үздіксіз өзгерістер болады, көлемі ұлғаяды, күн санап дәм кіреді, ең соңында өсуі 
тоқтайды да, біртіндеп қызара бастайды, қызғылт тартады, сосын қып-қызыл 
болады. Міне, мұның бәрі мөлшерлік сапаның деңгейлеп өсуі. Адамның рухани 
жүйесі де дәл осылай. Мөлшер – сан өзгерісінен туындайтын сапа.
Зат пен құбылыстардың мөлшері тек 
сезу түйсіктері
арқылы тікелей 
қабылданатын заттық негізді мөлшерліктерден ғана тұрмайды, сонымен қатар, 
сапа, қасиет
сияқты абстрактілі, дерексіз ұғымдарға да байланысты айтылады. 
Мұндай кездерде сол дерексіз ұғымдарға деректі ұғымдар семантикалық 
жағынан балама болады. Яғни деректі заттарда болатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет