Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет33/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.
1.2 тарау, физика 7.3.1.13, Өлшеу дәлдігі, Күш 9 сынып модо, Алгебра 2-тоқсан 10-сынып ҚГБ 1636369597, Ғылыми 12-4
, әскери шен, қоғамдық мәртебе, саяси мәртебе, 
мәртебелі мейман, депутаттық мәртебе, депутаттық мандат, жоғары 
лауазым 
т.б.
 
Ал дәреже ғылым-білім саласында жиірек қолданылады. Мысалы, 
ғылыми дәреже, академиялық дәреже 
т.б.
 
Мұнда дәреже – атақ-даңққа, мәртебе 
– құрмет-қошаметке, шен – тәртіп пен құзыретке бағытталған ұғымдар.
Деңгей объективті болса, дәреже субъективті сипатқа ие болады. Өйткені 
деңгей заттар мен құбылыстардың шынайы болмысы, ал дәреже – деңгейдің 
субъективті танымнан өткеннен кейінгі көрінісі. Мысалы,
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып, 
Тепсінісіп келгенде,
Тең атаның ұлы
едің, 
Дәрежеңді артық етсе
, Тәңірі етті! (Шалкиіз жырау).
Мұнда жырау айтып отырған дәреже – 
шен, мәртебе
. Яғни адамның 
қоғамдық мәртебесіне байланысты иеленген құзыреті, қызметі. Ал оның жоғары 
не төмен болуы бағалаушы субъективті факторларға да байланысты болады. 
Мысалда көрінгендей, екі тарихи тұлғаның «ішкі қасиеті» объективті түрде тең, 
бірақ субъективті дәрежесі тең емес. Мөлшердің дәрежелік сипатына тән басты 
қасиет – 
бағалауыштық.
Мөлшер, ол – параметр.
Аталған ұғымды 
бір заттың бойындағы бірнеше 
стандартты өлшемдердің жиынтығы 
деп түсіндіруге болады. Кез келген зат 


43 
бірнеше немесе көптеген мөлшерлік шамалардан құралады. Мысалы, 
тас
десек, 
ол 
салмақ, көлем, тығыздық, ұзындық
сияқты әлденеше шамалардан тұрады 
және осы шамаларымен ғана бірбүтін зат ретінде танылады. Бірақ бұл мысалдағы 
мөлшерлік шамалар 
параметр
ұғымына сәйкес келмейді. Себебі, мұндағы 
өлшемдік шамалар – заттарда ежелден бар табиғи өлшемдер. Ал 
параметр 
– 
белгілі стандартқа түсірілген, субъектілік талаптан туған, тәртіп, шарт бойынша 
қалыптасқан шамалардың жиынтығы. Мысалы, 
ғылыми мақала. 
Оның көлемі, 
жазылу тәртібі, жазудың шрифті (түрі) мен үлкендігі, интервал, әр беттің төрт 
жағының өлшемдері т.б. белгілі талапқа сай қалыптасқан өлшемдер бойынша 
рәсімделеді. Бұл талаптардың өзі ғылыми, материалдық қажеттіліктерден туады. 
Міне, бұл – мақаланың параметрі. Параметрді 
өлшенуге тиіс объектілердің 
жүйесі 
немесе
құрамы
деп түсінуге де болады. Біртұтас жүйені құрайтын 
шамалар 
атрибуттық 
қасиетке ие болады. Әрі белгілі уақыт шегінде 
тұрақтылық, ұдайылық
сипатқа ие. Бұған қарап параметр мәңгі өзгермейтін 
өлшемдер жиынтығы деп түсінбеу керек. Параметрге де 
ауыспалылық, 
өзгермелілік
қасиеттері тән.
Мөлшер, ол – қарқын
. Мөлшер тек заттық негізден ғана емес, қимыл-
қозғалыс негізінен де туады. Болмыстағы заттар мен құбылыстардың бәрі 
қозғалыста өмір сүреді. Мысалы, 
жел соғады, ағаш өседі, жан-жануар жүреді, 
құс ұшады, жер өз осін айна
лады, 
тау өседі не шөгеді 
т.б. Сондықтан осы 
қимыл-қозғалыстардың да белгілі мөлшері болады. Қимылдың бұл мөлшері 
«қарқын»
 
ұғымы арқылы беріледі. Қимыл мөлшері 
тез-ақырын, жылдам-баяу
тіресімдері шеңберінде көрініс табады. Мысалы
, ат тез жүрді, ат ақырын 
жүрді, құс жылдам ұшты, құс баяу ұшты 
т.б.
Тез-ақырын
немесе 
жылдам-баяу
жұптас тіресім (бинарная оппозиция) 
арасында қарқынның мөлшері қалыптасады. Міне, бұл – 
қимылдық мөлшер

Қимыл-қозғалыстың өзі әртүрлі. Айталық, 
механикалық қозғалыс (машина 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет