Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет84/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
Түн күн тұрұп иығлаиұ // түн күн тұрып жылайын 
Иашым менің сабрұлұр // жасым менің сорғалап
(МҚ, Т
2
-331). 
Өлеңдегі 
түн-күн // түн-күн, күн-түн
қос сөзі уақыт мөлшерін білдіріп тұр. 
Яғни жылаудың уақытпен өлшенген мөлшерін білдіреді. Тіркесте жылаудың да 
көптігі, уақыттың да ұзақтығы семантикасы бар. Мұндағы 
күн 
де, 
түн
де мезгіл 
үстеулер емес, зат есімдер. Ал олар қосарланып келгенде, уақыт мөлшері 
семантикасын береді. 
Күн, түн
сөздерінің ешқандай қосымшасыз қосарлану 
арқылы уақыт мөлшері семантикасын беруі – көне және орта ғасыр түркі 
тілдеріне тән тілдік құбылыс. Тіпті бұл жыраулар поэзиясында да жалғасын 


101 
тапқан. Мысалы, Доспамбет жыраудың «Айнала бұлақ басы тең» толғауында 
былай келеді: «
Сере, сере, сере қар
Асты кілең, үсті мұз, 
Күн-түн қатса

жібімес». Мұнда да 
күн-түн
қос сөзі уақыт мөлшерінің ұзақтық семантикасын 
білдіргенін көруге болады. Қазіргі қазақ тілінде бұл 
күні-түні
формасында 
қолданылатыны белгілі. «Қазақ грамматикасында» бұл тәсілмен түзілген 
сөздердің семантикалық ерекшелігі туралы былай беріледі: «Қосарлы зат есімдер 
– қазақ тіліне айрықша тән құбылыс және заттың, құбылыстың, ұғымның, 
түсініктің атауын жинақтап беру үшін қолданылатын сөзжасам амалының бірі»
 
[166, 334 б.]. Жинақтап беру семантикасымен қатар, сөздердің қосарлануы – 
мөлшер семантикасын берудің айрықша тәсілдерінің бірі.
Кейде сөздер қайталанып келіп те мөлшер семантикасын білдіреді. Бұл 
әдетте сын есім (үлкен-үлкен), етістік (жүре-жүре) және еліктеуіш сөздерге тән 
құбылыс. Бұл да – мөлшер семантикасын тудырудың аналитикалық тәсіліне 
жататын, сөзжасам деңгейіне емес, синтаксистік деңгейге тән құбылыс. Алайда 
М.Қашқари сөздігінде еліктеуіштердің қайталанып келу формасы ғана кездеседі:
 

Зып-зып // зып-зып – жылдам-жылдам қадам басқанда шығатын 
дыбысты аңғартады: зып-зып барғыл // зып-зып (басып) барғын, тез барғын 
(МҚ, Т
1
-377-378); 
– 
Шар-шар //шар шар – қатты жауған нөсердің дауысы. Қандай да бір 
сұйық нәрсенің қатты аққандағы дауысын осы сөзбен білдіреді. Бұл сөздегі «ш» 
дыбысы «ж» дыбысымен алмасып кеткен
(МҚ, Т
1
-382). 
Мысалдағы 
зып-зып, шар-шар
сөздері дыбыстық еліктеуіштер екені белгілі. 
Бұлар табиғаттағы белгілі дыбыстардың атауы болумен қатар, сол дыбыстардың 
шығу мөлшерін де білдіреді. Мұның мөлшерлік мәні көбіне нақты сөйлеу 
үдерісінде интонация арқылы айқын көрініс табады. Мұны былайша түсіндіруге 
де болады. 
Шар ету
судың төгілуі бір сәтте аяқталатынын білдірсе, 
шар-шар
ету 
судың төгілу барысының уақыт жағынан созылыңқылығын, мөлшер жағынан 
көптігін білдіреді. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканың берілу жолдарын 
арнайы зерттеген М.Жолшаева былай дейді: «Ы.Маманов етістіктің өткен және 
келер шақ көсемше тұлғаларының қайталанып айтылуын қайталама етістіктер 
деп атайды да, оларды
қимылдың дүркіндік 
және
созылыңқылық 
сипатын 
көрсететін грамматикалық форма деп санайды [117, 34 б.]. Біз бұл пікірге толық 
қосыламыз. Қайталанған қосарлама көсемше тұлғалар, біріншіден, барлық 
етістік атаулыны толық қамтып, грамматикалық абстракция жасайды. Екіншіден, 
көсемше тұлғалардың лексикалық мағынасы өзгермегенімен, қайталану арқылы 
оларға грамматикалық мағына үстеледі. Үшіншіден, бұл грамматикалық мағына 
лексикалық мағынасы арқылы көрінетін әрекеттің қайталануын немесе 
созылыңқы өту сипатын көрсетеді» [24, 229 б.]. Етістіктің де, еліктеуіш 
сөздердің де қайталану тәсілі арқылы түрлі семантика тудыру сипаты бір. 
Ғалымның бұл тұжырымымен толықтай келісе отырып, қосарымыз мынау ғана: 
қимыл-әрекеттің қайталануы дегеніміз іс-әрекет орындалуының дүркіндік 
көптігі болса, созылыңқылығы уақыттың ұзақтық мөлшерін білдіреді. Демек, 
бұл, ең әуелі – мөлшерлік семантика. Ал етістіктердің қайталануы арқылы 
туындайтын бұндай семантиканы Қ.Рысалды: «Қимыл сынының үдемелі 
жоғарғы дәрежесін көрсетеді», – деп таниды [22, 37 б.]. 
М.Қашқари сөздігінде кездесетін мөлшерлік семантикалы тілдік 
бірліктердің ендігі бір тобы да жоғарыдағы қос сөздерге ұқсайды. Олар –


102 
күшейкіш буындар мен күшейткіш үстеулер. Бұл топтағы сөздер де сөздермен 
аналитикалық жолмен байланысып, түрлі күшейтпелі грамматикалық мағына 
үстейді. Яғни сөз семантикасына әсер етеді, бірақ жаңа сөз жасамайды. Мұның 
бірі қазіргі қазақ тілінде 
күшейткіш буындар
деп аталып, сын есімнің 
күшейтпелі шырайына жатса, екіншісі 
күшейткіш үстеулер
деп аталып, үстеу 
сөздерге жатады. Сөздікте мөлшер семантикалы мынадай күшейткіш буындар 
беріледі: 
 
– 
Ап // әп – қуаттап, күшейткіш қосымшасы. Нәрсені мақтап, аса жақсы 
екендігін білдірмекші болса «әп әзгү нәң // іп-ізгі нәрсе, бек жақсы нәрсе» дейді. 
Оғыздар таза, әппақ нәрсені «ап ақ» дейді
(МҚ, Т
1
-82); 
– 
Үп // ұп – реңге қатысты қолданылатын үстеме, қосымша сөз: үп үрүң // 
әп ақ (шігілше)
(МҚ, Т
1-
82); 
– Сарығ // сары – қою сары нәрсені «сап-сарығ // сап-сары» дейді
(МҚ, T
1
-
431).
Мұнда 
ап, үп
сап 
буындары түс атаулар мен адами қасиетті білдіретін сын 
есім сөздердің әуелгі мағынасын одан сайын күшейту қызметін атқарып тұр. 
Заттардың сындық, сапалық белгілері де түрлі деңгей, дәрежеден құралады. Ал 
деңгей, дәреженің өзі – «мөлшер» ұғымының ішкі семантикалық құрылымының 
бірі. Сондықтан 
«сын дәрежесі» 
ұғымының өзі де мөлшер семантикасы аясында 
қаралуы тиіс. Жоғарыда аталған буындар тек абстрактілі ұғымдар мен визуалды 
сындық ұғымдарға қатысты қолданылған. Бұл буындар нақты заттық мөлшерді 
күшейу, асырмалау қызметінде де кеңінен жұмсалады. Сондықтан күшейткіш 
буынды бұл қос сөздер мөлшер семантикалы бірліктер саналады. 
Күшейткіш буындар сияқты келіп, сапалық сын есім сөздері мен етістіктерді 
семантикалық жақтан күшейту қызметінде жұмсалатын ендігі бір сөздер тобы – 
күшейткіш үстеулер
. Алайда бұлардың күшейткіш буындардан басты 
ерекшелігі – толық мағыналылығы. М.Қашқари сөздігінде мынадай күшейткіш 
үстеулер беріледі:
 
– 
Аррығ // таза (тап-таза): аррығ нәң // өте таза нәрсе. Бұл жерде «р» 
әрпінің қайталануы мағыналық күш атқарып тұр 
(МҚ, Т
1-
173); 
– 
Шым // бек, аса, өте
– 
бір нәрсенің жастығын, ылғалдылығын немесе 
шикілігін баса аңғартатын сөз: шым иік ет // бек шикі ет; шым өл тон // өте су 
тон 
(МҚ, Т
1
-386); 
– 
Қоп – «аса, өте, күшті» деген секілді нақтылап, тиянақтап, бекіте 
түсетін мағынадағы көмекші сөз: оғұл қоп бедүді // ұлы аса зор болып өсті, ұлы 
аса үлкен болды; қоп едзгүнең // өте жақсы нәрсе 
(МҚ, Т
1-
377-378). 
Мұндағы 
аррығ, шым, қоп
сөздері белгілі сапаның, сынның, қалыптың, 
күйдің ең жоғарғы шегін білдіреді. 
Аррығ
сөзі мен қазіргі қазақ тіліндегі 
ару 
сөзінің шығу тегі бір екені байқалады. Қазақ тіліндегі 
ар, ару, арулау, ару ана, 
аруақ
сөздерінің түбірі 
ару 
екені, ол тілдің тарихи қабаттарында 
таза, пәк
деген 
мағынаны білдіргені тілдік деректерден белгілі. Сол нақты тілдік фактілердің 
бірі осы – 
аррығ 
сөзі. Бұл сөз, өзге екі сөздей емес, лексикалық деңгейде тұрып-
ақ ең жоғарғы сапаны, күшейтпелі мәнді білдіріп тұр. Ал 
шым,
қоп 
сөздері сын 
есім сөздерінің мәнін одан сайын асырмалау қызметінде көбірек жұмсалады. 
Қоп
сөзі көне түркі тілінде де кездесіп, күшейтпелі көптік семантикасын білдіреді. 
Мысалы: «
қоп // түгел», «қоп келті // түгел келді», «қоп маңа көрті // бәрі маған 
бағынды» 
деген қолданыстарда көптік, жалпылық ұғымы бар.


103 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет