Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері



бет4/13
Дата24.10.2023
өлшемі88,09 Kb.
#187834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностарды-emirsaba.org

Шаруашылығы. Қағанат халқы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария өзендерінің бойында орналасқан. Өзен бойларындағы қыстауларда түрік тайпалары егіншілікпен айналысқан. Сондай-ақ, “Күлтегін” ескерткішінде қала туралы сөздер де кездеседі. Бұл түріктердің кейбір бөліктерінің отырық- шылыққа көше бастағанын көрсетеді. Оған басты дәлел Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеу кезінде тұ- рақты үй-жайлардың табылуы.
Түріктердің көп тараған көлігі жылқы болды. Олардың бас- панасы көші-қонға ыңғайлы киіз үй болды. Өйткені мұндай үй тез тігуге, тез жығуға қолайлы еді.
Ал, Түрік қағанатының ыдырау себебі - қаған әулетінің ішіндегі билік үшін талас-тартыс. Сондай-ақ, қағанаттағы ха- лықтар не саяси, не экономикалық жағынан ұйыса алмады.
Осындай себептердің салдарынан қағанаттың ішінде 581 жылы соғыс басталады. Мұндай қайшылықты өз пайдасына шешуге тырысқан көрші мемлекеттер шабуылдарын күшейте түсті. Ал, түрік қағанаты оларға қарсы тұрудың орнына жеке ұлыстарға бөлініп кетті. Ақыры 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге жарылды.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.)
Түрік қағанатындағы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың ушығуы, өзара қырқыстар, Қытайдың қағанатқа қарсы шабуыл- дары 603 жылы түрік қағанатын Шығыс және Батыс түрік деген екі дербес бөлікке бөлуіне душар етті. Батыс түрік қағандығы он тайпаның (он оқ бұдун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Батыс түрік қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны жалғастырып жатқан жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Ал, Шығыс түрік қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс қаға- наттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болатын. Жазғы ордасы қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі Мың- бұлақта орналасты.
Алғашқы кезде қағандықты Тардуш қаған басқарған. Бұл Батыс түрік қағанатының билігі күшейген кезі еді. Шығыс Түрік қағанаты керісінше, саяси басқару жағынан әлсіреп, қытай- лардың шабуылына ұшырап отырды.
Батыс түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610-618 жж.) мен Тон (618-630 жж.) қағандардың билік құрған кездері болды. Шегу қаған шығыстағы шекарасын Алтайға, ал батыстағы шекарасын Памир тауына дейін жеткізді. Ал, Тон қаған батыстағы елдерді жаулап алуды ойлады. Қаған салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға “селиф” деген атақ берді.
Қағанның билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Қағанатта жоғарғы лауазымдарға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар берілді. Ал сот істерін бұрықтар мен тархандар атқар- ған. Сондай-ақ, қағанаттағы қарапайым халықты “қара бұдұн- дар” деп атаған. Бұл сөз қазақтың “қалың бұқара”, “қара халық” деген сөздерімен мағыналас.
Түріктер көрші тайпалар мен халықтарға қарсы шапқын- шылық жасап, құл айдап әкелетін болған. Қағанат ішіндегі он алты жылға созылған тайпа аралық соғыстар (640-657 жж.) Жетісуға Таң империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты. 704 жылы Батыс түрік қағандығы құлағанымен, осы қағанатқа кіретін “он оқ” халқының ішінен түргеш деген тайпа өз алдына дербес қағандық құрып, тарих сахнасына шықты.
Шаруашылығы. Батыс түрік қағанаты шаруашылығының негізін жартылай мал шаруашылығы құрады. Малы жоқ немесе малы аз кедей шаруалар егіншілікпен айналысқан. Қағанаттың едәуір бөлігі отырықшылыққа көшіп, қолөнермен шұғылданған. Шығыс Түрік қағандығымен салыстырғанда оның әлеуметтік құрылымы да едәуір күрделі болды, яғни феодалдық мемлекет дәрежесіне көтерілді. Тек Шу алқабының өзінде VІ-VІІ ғасыр- лар қарсаңында 18-ге жуық қала мен ірі қоныс болған. Олардың негізгі тұрғындары соғдылар, түркілер және сириялықтар еді.
Осы қалаларды алғаш суреттеп жазғандардың бірі қытайлың саяхаткер тарихшысы Сюань Цзан. Ұлы Жібек жолы Батыс тү- рік қағанаты арқылы өткендіктен, бұл өңірде сауда мен қолөнер біршама тәуір дамыды.
Ескертетін жайт: өзгелерге қарағанда қағандық өмірінде соғдылардың рөлі жоғары дәрежеде болды, бүкіл экономикалық және ақша қатынастары солардың тікелей қатынасуымен жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет