К
омпо
не
нт
т
ер
Көрсеткіште
р
Деңгейлер
Жоғары
Орта
Төмен
Мо
т
ив
аци
ял
ы
қ
Тұлғаның
ұлттық
тәрбиені
меңгеруге
деген
қызығушыл
ығы
Ұлттық
тәрбие
туралы ғылыми
білімдері
қалыптасқан,
ұлттық дәстүрлер,
ұлттық тәрбиенің
тарихи
көздері
туралы
мәліметтердің
мәнін
толық
түсінеді, ұлттық
ар
–
намыс
туралы
түсініктері
тұрақты, ұлттық
жауапкершілікті
сезінеді.
Тұлғаның
ұлттық
тәрбие
туралы
алғашқы
білімі
болғанымен,
бір
жүйеге
келтірілмеген
.
Ұлттық
дәстүрлер,
ұлттық
тәрбиенің
тарихи
көздері,
ұлттық
ар-
намыс туралы
түсініктерін
кеңейтуге
талпынады.
Тұлғаны ұлттық
тәрбиені
меңгеруге деген
қызығушылығы
төмен, ұлттық
тәрбиенің
тарихи көздері,
ұлттық
ар-
намыс туралы
түсініктері
төмен, ұлттық
жауапкершілікт
і сезінбейді.
Ма
змұ
ндық
Тұлғаның
ұлттық
құндылықта
рды
меңгеруі
Этномәдени
сәйкес-тілігі
қалыптасқан,
ұлттық мәдениет
мәнін
саналы
түрде
түсіне
біледі,
ұлттық
әдеп ережелерін
меңгерген,
ұлттық
әдет-
ғұрып, салт –
дәстүрлеріне
сүйіспеншілік
сезімі
қалыптасқан.
Этномәдени
сәйкестілік
қалыптары
орташа,
ұлттық
мәдениет
мәнін
түсінеді,
ұлттық әдеп
ережелерін
біледі, ұлттық
әдет-ғұрып,
салт-
дәстүріне
сүйіспеншілік
сезімі орташа.
Этномәдени
сәйкестілік
қалыптары
төмен, ұлттық
мәдениет мәнін
түсінбейді,
ұлттық
әдет-
ғұрып,
салт-
дәстүріне
сүйіспеншілік
сезімі
байқалмайды.
Іс
-әр
екет
т
ік
Ұлттық
мінез-құлық
дағдысының
болуы
Мінез – құлқын
басқара
алады,
қарым
–
қатынасқа еркін
түседі,
ұлттық
мәдени шараларға
белсенді
жауапкершілікпе
н қатынасады.
Ұлттық әдеп
ережелерін
біледі, мінез –
құлқын
белгілі
дәрежеде
басқара
алады, ұлттық
мәдени
қарым-
қатынасқа
түсуге
тырысады.
Ұлттық
әдеп
ережелерін
меңгермеген,
мінез-құлқын
басқара
алмайды,
ұлттық
және
ұлтаралық
қарым-қатынас
жасау
мәдениеті
төмен, ұлттық
мәдени
шараларға
қатынаспайды.
Сонымен, қоғам жүйесін толық түсінетін, қазіргі әлемнің өзгермелі
дамуын ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қабылдай алатын студент тұлғасын
қалыптастыру барысында жүргізілген теориялық және қолданбалы зерттеулер
нәтижелері жоғары мектеп
жағдайында ұлттық тәрбие берудің
тұжырымдамалық қағидаларын ұсынуға негіз болды.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің
жалпыға міндетті стандарттарына, типтік оқу бағдарламаларына, оқу
құралдарына талдау жасалып, жоғары мектептің біртұтас педагогикалық
үрдісінде ұлттық тәрбие беру мазмұны тәрбие теориясы мен
этнопедагогикалық білім теорияларына негізделетінін айқындадық.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зерттеуіміздің міндеттеріне
сәйкес «Жоғары мектепте ұлттық тәрбие берудің тұжырымдамалық
қағидалары» дайындалды.
Тұжырымдамалық қағидалардың теориялық
негіздері мен практикалық талаптары студенттерге ұлттық тәрбие беруде
алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдану біліктілігі мен құзіреттілігін
қалыптастыруға негіз болады. Сонымен қатар, аталған тұжырымдамалық
қағидаларда ұлттық тәрбие берудің қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, сол
қағидаларды жүзеге асыру жолдары және күтілетін нәтиже беріледі.
Тұжырымдамалық қағидалардың жүзеге асырылуы мәдени-рухани,
тарихи, саяси жағдайларды ескере отырып, қазақ халқының мәдени
мұрасындағы бай тәжірибесін ұрпақтың бойында қалыптастыру мақсатында,
тәрбие процесінің барлық сатыларының үздіксіздігі нәтижесінде жоғары
мектепте ұлттық тәрбие берудің тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.
Студенттерге ұлттық тәрбие беру тұжырымдамалық
қағидаларының
негізгі мақсаты
– ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, нарықтық экономика
қағидаларына бейімделе отырып, ұлттық руханият пен мәдениет
құндылықтарын кеңінен пайдалана алатын, белсенді, іскер, бәсекелестік,
қабілеттілік, шығармашылық қасиеттерге дағдыланған ұлттық тұлғаны
қалыптастыру болып табылады.
Тұжырымдамалық қағидалардың мазмұны біртұтас педагогикалық
үрдістің мәні мен сипаттамасын, жоғары мектепте студенттерге ұлттық тәрбие
берудегі идеялар мен ережелердің жиынтығын құрайды. Тұжырымдамалық
қағидалаларды жүзеге асыруда төмендегі
міндеттер
анықталды:
- Ұлттық тәрбие мазмұнын ғылыми мағлұматтар мен халық
тәжірибесіне негіздей отырып, ұлттық сана мен жауапкершілікті
қалыптастыру.
- Қазақ ұлтының этникалық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының
еркін дамыту құқығын саналылықпен меңгеру.
- Біртұтас педагогикалық үрдісте ұлттық қарым-қатынас пен
мәдениеттілік үлгілерін меңгеру.
Ұлттық тәрбие мәселелерін зерттеген жетекші ғалымдардың
пікірлерімен толық келісе отырып, біз ұсынып отырған тұжырымдамалық
қағидалар мазмұны жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие беруде өз шешімін
толық таба алатынына көз жеткіздік.
Қазіргі ұлттық тәрбиенің терминологиялық-түсініктілік аспектілеріне
ерекше мән берілуі қажет. Бұл бағытта, «Ұлттық тәрбие негіздері» элективті
курсын өз алдына жеке оқу пәні ретінде жоғары мектеп мамандықтарының оқу
жоспарларына енгізу ұлттық тәрбиені ғылыми-әдіснамалық жағынан
негіздеуге толық мүмкіндіктер береді деген
тұжырымдамалық қағидасы
ұсынылды.
Қазіргі мәдени-рухани, тарихи-саяси жағдайларды ескере отырып, қазақ
ұлтының мәдени мұрасындағы бай тәжірибесін ұрпақ бойында жан-жақты
қалыптастыру мақсатында ұлттық тәрбие беру жоғары мектепте оқу кезеңінің
барлық сатыларында үздіксіз жүзеге асырылуы тиіс деген
тұжырымдамалық
қағидасы
ұсынылады. Студенттерге жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие
беру олардың жас ерешеліктік және қызығушылық мүмкіндіктерімен
байланыста құрылады.
Ұлттық тәрбие беру
1
-
курста
жалпы педагогика курсын оқыту
барысында жүзеге асырылады.
Мақсаты - ұлттық тәрбие беру мәселелерінің педагогика курсы
дәрістерінде қарастырылуын қамтамасыз ету.
Жалпы педагогика курсының оқу - әдістемелік кешендерінің жаһандану
жағдайында ұлттық тәрбие беру мазмұнын ашатын қосымша мәліметтермен
толықтырылуы.
2
-
курста
«Ұлттық тәрбие беру негіздері» элективті курсының енгізілуі.
Мақсаты – курстың өз алдына оқу пәні ретінде жүргізілуін қамтамасыз
ету, жаһандану жағдайында ұлттық тәрбие беруді теориялық - әдіснамалық
негіздеу.
3
-
курста
ұлттық тәрбие беру мазмұнын Қазақстандағы ұлттық
тәрбиелік ой-пікірлердің қалыптасуы туралы мәліметтермен толықтыру.
Мақсаты – ұлттық тәрбиенің тарихи дамуы, ұлттық тәрбие беру
идеялары, ойшылдар, ақын-жыраулар, ағартушы-ғалымдар еңбектері мен
шығармаларын, тарихи білімдерді меңгерту.
4
-
курста
ұлттық тәрбие берудің педагогикалық тәжірибе, арнаулы
семинар, мәнжазбалар, курстық және дипломдық жұмыстар орындау
барысында жүзеге асырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |