биологиялық, психологиялық, әлеуметтік дамуға
негізделген, адамның ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізетін шағы болып
табылады.
Егер студентті жеке тұлға ретінде зерттейтін болсақ, бұл адамгершілік
және эстетикалық сезімдердің белсенді даму кезеңі, адам мінезінің қалыптасу
және орнығу кезеңі, ең негізгісі, адам бойында азаматтық, кәсіби-еңбек және
т.б. әлеуметтік рольдердің берік қалыптасатын кезеңі болып табылады. Бұл
кезең «экономикалық белсенділік» кезеңнің басталуымен де тығыз
байланысты. Демографтар «экономикалық белсенділік» кезеңі деп адамның
дербес өндірістік қатынасқа түсуін, еңбек жолының басталуын және отбасы
құруын айтады.
Бұл кезеңле бір жағынан құндылық бағыттары жүйесінің, себеп-
салдардың өзгеруі, екінші жағынан кәсіби-мүмкіндіктердің өсуіне орай,
студент қабілетінің белсенді қалыптасуы мінезі мен интелектісін
қалыптастырудағы негізгі кезең ретінде ерекшелейді. Бұл спорттағы
рекордтар кезеңі, көркем, техникалық, ғылыми жетістіктер кезеңі.
Студент тұлғасына қатысты зерттеулерде оның ішкі дүниесінің қарама-
қайшылықтары, өз ерекшеліктерін табудағы және жоғарғы мәдениетті жеке
тұлға қалыптастырудағы қиыншылықтар болатындығы көрсетіледі.
Студенттік кезеңде интеллектуалдық және дене дамуына әсер ететін
көптеген факторлардың пайда болуымен де ерекшеленеді. Бір жағынан,
дамылсыз артып келе жатқан шығармашылық мүмкіндіктер, интеллектуалдық
және дене күштерінің дамуы студенттің сыртқы бейнесінің өзгеріске түсуімен
қатар келсе, екінші жағынан, мұның барлығы өмір қызығының алда екендігіне,
кез-келген ойға алған нәрсені тез жүзеге асыруға болатындығына және
осындай жағдай «өмір бойы» бола береді деген иллюзияға әкеледі.
Студенттік кезеңдегі ерекше әлеуметтік жас мөлшері ретінде 17-ден 25-
ке дейінгі жас аралығы алынады. Бұл жас мөлшері адамның зерделік,
динамикалық өзгерістеріне байланысты өзгеріп отырады.Сол себептен оқу-
тәрбие жұмыстарының қандай формалары болса да осы ерекшеліктерді есепке
алуды қажет етеді. Ұлттық тәрбие жұмыстарын жүргізуде де бірден-бір
ескеретін мәселе – тұлғаның жас және дара ерекшеліктері.
Студенттерге
ұлттық
тәрбие
беруде
оның
психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес, жұмыс мазмұнын ғылыми мағлұматтар мен халық
тәжірибесіне негіздей отырып жүргізу - олардың теориялық дайындығы мен
практикалық іскерліктерін дамыту, өз ұлтының этникалық салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптарын еркін дамуына құқылы екенін санасына сіңіру, ұлттық
қарым-қатынас пен мәдениеттілік үлгілерін педагогикалық үрдісте меңгеруін
қамтамасыз ету, ұлттық сана-сезімі мен жауапкершілігін қалыптастыру
сияқты психологиялық-педагогикалық шартты факторларды есепке алады.
Жоғары оқу орындарында оқу кезеңі жастықтың екінші кезеңімен
немесе кемелденудің бірінші кезеңімен сәйкес келеді және тұлғалық
ерекшеліктердің орнығуындағы қиындықтармен ерекшеленеді. Бұл кезең
В.Г.Ананьев, А.В.Дмитриев, И.С.Кон, В.Т.Лисовский, З.Ф.Есарева және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде талданған. Бұл кезеңдегі адамгершілік дамудың
өзіне тән ерекшелігі деп тәртіптің саналы мотивтерінің көбеюін айтуға болады.
Бұл кезеңде жоғары сыныптарда толық меңгерілмеген: алдына мақсат қоя
білу, табандылық, қайсарлық, дербестік, ынталылық, өзін-өзі ұстау сияқты
қасиеттер біршама орнығады. Мораль проблемасына деген қызығушылық
артады (мақсаттарға, өмір сүруге, махаббатқа, парызға, сенімге және т.б.).
Жоғары мектеп жасынан студенттік кезеңге өту кезі қиыншылықтарға
және дағдылы өмірілік қатынастарды өзгертуге әкеледі. Бұл қайшылықтар
әлеуметтік-психологиялық сипатқа ие. Бұған студенттің интеллектуалдық
және дене күшінің шарықтауы мен оның өспелі қажеттілігін
қанағаттандырудағы уақытының жетіспеуін, экономикалық мүмкіндіктерінің
шектеулілігі арасындағы қайшылықты жатқызуға болады. Егер жоғары
сыныптағы мектеп оқушысының қызығушылығы көбінесі сан алуан және өте
кең болса, студенттің қызығушылығы кәсібиленген, яғни бір жағынан
тарылған, ал екінші жағынан таңдаған саласы бойынша кеңейген болады.
Студенттік кезеңдегі өз бетімен жасалатын әрекеттер нақты
практикалық сипатқа ие. Бір жағынан, теориялық білімдер практикалық
сабақтарда пайдалану арқылы тексерістен өтсе, екінші жағынан
абстракцияланған теория жүзіндегі білімнің практикада, күнделікті өмірде,
тіпті тұрмыста қажеттілігі анықталады.
Студенттік кезеңде ізденімпаздыққа, идеал мен шындыққа талпыныс
жоғары болады. Бұл кезең жеке көзқарастардың қалыптасуы аяқталып, ақыл-
ой мен мінезді бағыттау деңгейіне жетеді. Студенттік кезең адамның сондай-
ақ интеллектуалдық жағынан және дене дамуына әсер ететін көптеген
факторлардың пайда болуымен ерекшеленеді. Психологтардың дәлелдеуінше,
жалпы интеллектілік дамудың жеделдеу кезеңі 19,22,24,26 жас шамасына
сәйкес келеді.
Жоғарғы оқу орындарына қабылданған адамның өз күші мен қабілетіне
деген сенімін арттырып, қызықты өмірге деген үмітін оятады. Сонымен қатар
екінші және үшінші курстарда жоғарғы оқу орындары, мамандық пен кәсіпті
таңдау дұрыстығы туралы сұрақ тууы мүмкін. 3-курстың аяғында мамандық
таңдау туралы мәселе толығымен шешіледі.
К.Ж.Төребаеваның көрсеткен мәліметтері бойынша, 4 ірі жоғарғы оқу
орындарының жоғарғы курсында оқитын студенттерінің 64%-ы өздерінің
болашақ мамандықтары олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына толық
сәйкес келетіні туралы деп шешім айтқан [156].
Әлеуметтік-психологиялық жағынан алғанда студенттер қауымы
жоғары білім деңгейін қажетсінумен, мәдени белсенділігімен және танымдық
әрекетінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, студенттер қауымы
- әлеуметтік белсенділігі жоғары, интеллектуалдық және әлеуметтік
кемелденуі үйлесімді сәйкестірілген әлеуметтік топ болып табылады.
Студенттердің бұл ерекшелігінің негізінде оқытушының кез-келген студентке
педагогикалық пікірталастың тең әріптесі, қызығушылығы мол тұлға ретіндегі
көзқарасы болуы керек.
Тұлғалық-шығармашылық
көзқарастың
арнасында
студент
педагогикалық әрекеттестіктің белсенді қызметін өз бетінше ұйымдастыра
білетін субъект ретінде қарастырылады. Оған нақты кәсіпке бағытталған
міндеттерді шешуге арналған танымдық және коммуникативтік белсенділік
тән. Студенттер үшін оқудың негізгі бағыты контекстік болып табылады.
В.Г.Ананьев мектебі зерттеушілерінің мәліметтері студенттік кезеңнің
даралық пен вариативтікпен ерекшеленетін интеллекті құрастырудың күрделі
кезеңі екенін көрсетеді. Бұл кезеңдегі адам интеллектісінің мнемологиялық
«өзегі» мен осы қызметке кіретін «шыңдар» мен «қызығушылықтың үздіксіз
алмасуымен» сипатталады [157].
Студент оқу қызметінің субъектісі ретінде көрінеді және екі түрлі
мотивация - табыс мотивациясы мен танымдық мотивация арқылы
анықталады. Соңғысы адамның оқу-танымдық қызметінің негізі болып
табылады және оның табиғатына сәйкес келеді. Ол проблемалық жағдайларда
пайда болып, студенттер мен оқытушылардың дұрыс қарым-қатынасы
ахуалында дамиды. Табыс мотивациясы оқытуда танымдық және кәсіби
мотивацияға бағынады.
Жоғары оқу орындарында оқу барысында еңбек және кәсіби қызметтің
берік негізі қаланады. Оқу барысында меңгерілген білім, білік, таным оқу
қызметінің пәні ретінде емес, кәсіби қызмет құралы ретінде көрінеді. Оқу
субъектісі болып табылатын студенттердің маңызды көрсеткіші деп оның
оқудың барлық түрлері мен формаларын орындай білуін айтуға болады.
Іскерлік пен жалпы оқуға деген көзқарастың соңғы он жылдықта сандық
көрсеткіштерінің өзгеруіне қарамастан, жалпы студенттердің бұл кезде толық
қалыптасып болмағандығы туралы жағдай сақталып қалып отыр. Оқытушы
алдында студенттер оқу қызметінің субъектісі ретінде қалыптастыру
жөніндегі психологиялық-педагогикалық жауапты міндет тұр.Мәселенің
осылай қойылуы табысты оқуға, оқу материалын нақты орындау
бағдарламасын жасауға және оларды қалыптастыруға арналған жаттығуларды
ұйымдастыруға қажетті қадамдарды анықтауды талап етеді. Бұл әрекеттерді
жүзеге асыру үлгілерін оқытушының өзі көрсетуі керек және ол студенттің
бірінші курстағы қиындықтарын ескеруі керек.
Тәжірибе көрсеткеніндей, жастарды тәрбиелеуде жоғары жетістікке тек
Достарыңызбен бөлісу: |