Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И


 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

1 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1
 
Жаһандану жағдайындағы ұлттық тәрбие мәселелері
 
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі қазақ халық педагогикасы мен 
дәстүрлеріне қайта оралу ғана емес, ол – қоғамдық өмір талабынан туындаған 
қажеттілік, мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық дәстүрлі түрлерін танып-білу, 
оның рухани бастауына терең бойлау, туған елінің, ұлтының өзіндік 
ерекшелігін аялап, сақтауға үйрету. 
Жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған экономикалық 
өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi 
болып табылатын бiлiм жүйесiне өзіндік әсерін тигізіп отыр. 
Жалпы дәстүрлі, толық ұлттық нышаны бар мемлекеттердің 
жаһандануды қабылдауы бүгінгі жағдайда қажетті ахуалдардың бірі. Жер 
шарындағы мәдени-тарихи үдеріс алуан түрлі этномәдени құрылымдардың 
уақыт өрісіндегі тарихы мен қалыптасуынан басталады. Мұндай 
құрылымдардың арасындағы қатынас әрқайсысының өзгелерге деген қарама-
қарсы қағидалары жүзеге асады.
Барлық этностар біртұтас адами мәнмен және одан туындайтын 
этникалық ерекшелігі болғанымен, жалпы ортақ болып келетін мәдениеттің 
әмбебаптық жолдарымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан бүкіләлемдік 
мәдени-тарихи үдерістің негізі - тарихи жағдайларды әртүрлі жолдармен 
олардың өзара қатынастарының формалары арқылы біртұтас қатынасын 
қалыптастыру. 
Көпшілік жұрт, жалпы қауым жеке адамнан бастап әлемдік өзгерістерге 
дейінгі аралықтағы болып жатқан құбылыстарды түсінуге әрекет жасап, өз 
білігі мен танымын кеңейтіп отырған. Табиғи таным үдерісі келесі ұрпаққа 
беріліп, әрі қарай жалғастық тауып, дамып отырған. Осының өзін халықтың 
даналық – философиясы деп түсінгеніміз жөн. Өйткені танымды тереңдетуге, 
жетілдіруге, көзқарасты негіздеуге байланысты нәрселердің бәрі ауызекі тілде 
даналықпен, философиямен байланысты ұғындырылатыны белгілі. 
Егер қазақ халқының таным барысындағы, ойлау жүйесіндегі 
диалектикалық элементтерін қазақ философиясы деп алатын болсақ, оның 
негізгі тарихи даму бағыттарын жалпы әлемдік философия тарихының даму 
заңдылықтарын басшылыққа ала отырып былайша көрсетуге болар еді: 
күнделікті өмірден туған ойлар, дүниені тануға деген шынайы көзқарас; 
танымның діни жолдары мен басқа идеяларынан туындаған көзқарастар; 
табиғаттың, қоғамның, адамзаттың өзгеру, даму үрдісін ғылыми-теориялық 
тұрғыдан түсіндіруге ұмтылушылық т.б. Қазіргі кезеңде халық педагогикасы 
аталып жүрген қазақ халқының үйрету, тәрбиелеу жүйелерінің даму идеясын 
да дәл осындай жолмен түсіндіруге болады. Бұл жағдайда, біз – тәрбие деп 
аталатын адамзат қауымына ортақ және мәңгілік категорияның тарихи 


тұрғыдан жылжып, дамып, мазмұнының толығып, жетіліп отырғандығының 
куәсі боламыз. Сонымен қатар тәлім-тәрбиенің ажырамас егіз ұғым екеніне де 
көз жеткізуге болады. 
Халық 
философиясы 
қоғамдық 
құбылыстардың 
әртүрлі 
заңдылықтарын, оның ішінде жас ұрпақ тәрбиесін де ой елегінен өткізіп 
белгілі бір тұрғыдан баға беруге меңзейді. Олай болатыны тәрбиенің түрлері, 
негізгі қағидалары халық дүниетанымымен, көзқарасымен айқындалып, сонан 
туындап отырады. Мәселен, бағзы заманғы адамдардың түсініктерінде сол 
кездегі танымдарының да табы бар екендігі зиялы қауым арасында талас 
туғызбаған. Бұларға қоса, қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды 
жақтау немесе заңдастыру тәрбие үрдісінің алдындағы негізгі міндеттерінің 
бірі. Осы істерге халықтық педагогиканың да тікелей қатысы бар. Себебі, 
тәлімсіз-тәрбиесіз, бір жүйеге түскен адамгершілік өлшемсіз қоғамдық 
қатынастардың да жете дамуы мүмкін емес. 
Өркениеттің 
күйзелу 
кезеңдерінде 
оның 
нақты 
себептерін 
философиялық тұрғыдан түсіну қажет болды, өйткені бұл уақытта қарапайым 
сана тұрғысынан түсіндіру мүмкін болмайтын, теориялық сана деңгейінен 
ойлайтын, айқын, даналық әдістерсіз қоғамдық құбылыстар өз шешімдерін 
таппайды. Ал жағдай тұрақты деңгейде болған жағдайда дәстүрлі, 
салыстырмалы түрде жай дамитын өркениетке тура даналық ойдың, 
ұғынудың, тәлім мен танымның өзі керек. Бұл тұста белгілі бір қалыпқа түскен 
халық педагогикасы мен психологиясының, этномәдениеттік дәстүрдің орны 
ерекше. 
Халық педагогикасын халықтың үйрету, оқыту, бейімдеу, тәрбиелеу 
бағыттарындағы ғасырлар бойғы жиған-терген тәжірибелері десек, халықтық 
тәрбие деп біз белгілі бір ұлттың жеке адамға, соның ішінде балаға тәрбиелік 
ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесін түсінеміз. Бұл жүйе халықтың 
бүкіл өмір тіршілігімен, болмысымен бір тұтастықта болады. 
Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, 
білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Ананың бесік жырынан бастап, 
адамның жер қойнына берілгеніне дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, 
әдет-ғұрыптар –адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. 
Олай болса, адамзаттық тарих - этномәдени құрылымдардың өзара ықпалынан 
басталатыны қоғамымыздың әр кезеңдегі сипатынан белгілі. Бұл тарихтағы 
жаһанданудың бірінші


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет