Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И


 Білім, ғылым және ұлттық тәрбие: даму тенденциялары



Pdf көрінісі
бет6/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

1.2 Білім, ғылым және ұлттық тәрбие: даму тенденциялары 
Әлемдік білім кеңістігінің қалыптасуы мен даму тарихы, оның әр 
кезеңіндегі айқындалған тенденциялары халықтың гүлденіп өркендеуінің, 
қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығы мен жалпы 
білім 
саласының 
маңыздылығын 
дәлелдейді. 
Әрбір 
мемлекеттің 
интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қатынасы білім 
саласының дамуына және оның жаңаша даму мүмкіндіктеріне тікелей 
байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімінің даму тарихы 
айқындап отыр. 
Егемен Қазақстанның ғылымы мен білімінің стратегиясы ұлттық білім 
мен тәлім-тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен 
анықталады. Үшінші мыңжылдық жылнамасын ашып отырған бүгінгі 
жаңарған Қазақстанның білім беру саясатындағы өзекті ой - еліміздің 
экономикасы мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуының басты 
факторларының бірі екендігінде. 
Еліміз ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің 
қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы 
жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуға бағыт алуда. Өйткені кез келген 
жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани дамуының өзіндік ерекшеліктері болады. 
Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-
тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенінің тарихи 
сабақтастығымен айқындалады. Даму үрдісінде қол жеткізген тарихи 
тәжірибе із-түзсіз жоғалып кетпейді, ол ұлттық идеяда, мәдени-әлеуметтік 
және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталып отырады. 
Өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу – елдің рухани және мәдени 
қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. Жалпыадамзаттық және ұлттық 
құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу 
қажеттiгi де білім мен тәрбие беру ісіне жүктелетіні, ал ол үрдіс әлемдiк 
жаһанданудың тұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ 
мүддеге әкелетіні сөзсіз. 
Жаһандану жаңа қоғамда орын алған экономикалық өзгерiстер мен 
технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып 
табылатын бiлiм жүйесiне өзіндік әсерін тигізеді. Сонымен қатар, білім беру 
дүниежүзілік интеграциялық үрдіспен қатар дамуда да маңызды роль 
атқарады. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық 
қасиеттер, ғылым және практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды 
қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. 
Р.С.Омарова: «Педагогика ғылымындағы білім беру жүйесінің дамуына 
жасаған талдаулар білім беру мен тәрбиедегі дағдарыс кенеттен пайда 
болмағандығын көрсетеді. Оның бастаулары 30 - жылдардың басында көрініп, 
70 - жылдары жалпы орта білім беруді күрделі бағдарламамен оқыту және 


постиндустриалды қоғамның қарқынды қалыптасу міндеттерін шешуге 
қабілетсіздігімен байқала бастады. 60- жылдардың орта тұсында кеңестік білім 
әлем деңгейінде алдыңғы орындардың қатарына шықты. Білімдік 
бағдарламалардың негізділігі, мектеп оқушыларының білім сапасының 
көсеткіштері, жоғары, арнаулы орта білім ауқымдарының өсуімен ерекшелене 
түсті. Кейін бұл даму қарқыны баялап, білім беру жүйесіндегі динамика тек 
кеңестік емес, батыс және дамушы шығыс мемлекеттерінде де тоқтай бастады. 
Қоғамда күрделі процестер белең алып, нәтижелері тек 80 - жылдардың 
ортасында анық көріне бастады. Экономиканың даму қарқындылығы баяулап, 
бұрынғы идеологиялық бағдар көмескілініп, әлеуметтік тұрақсыздық, адамдар 
арасындағы қарым-қатынас өзгерді, нәтижесінде адамгершілік-рухани 
құндылықтардың толымсыздығына әкелді. Жастар қоғамдағы білім мен 
қабілеттің сұранысының болымсыздығын сезе бастады. Мәдениеттің, ұлттық 
дәстүрлердің, салт-сананың төмендеуі білім берудің тиімді саясатын жүргізуді 
қиындата берді [110]. 
80 - жылдардың ортасында бірқатар өлшемдер бойынша білім беруде 
батыс елдерден артта қалушылық көріне бастады. Әсіресе, жоғары білім беру 
ауқымы бойынша дамыған елдерден артта қалушылық байқалды. Шетелдік 
әріптестер білім берудегі саралау және даралау бойынша алға шықты. 90 - 
жылдардың басында экономикадағы қайта құрулар мен өмірдің әлеуметтенуі, 
елдің нарықтық экономикаға бет бұрысы білім беру саласына да әсер етпей 
қоймады. Қазақстан Республикасының білімдік кеңісті де 90-жылдардан 
бастап реформалану жағдайын басынан өткерді. Бұл жаңартуларға «қоғамдағы 
әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің динамикасы жағдайында білім беру 
саласында қалыптасып отырған, ұлғаймалы тенденциялар, сонымен қатар 
қоғам мен мемлекеттің болашақ дамуының жолдарын ескеретін, түпкілікті 
әзірленген стратегиялық реформалар әсер етеді. Көрсетілген қиындықтарға 
қарамастан, білім беру жүйесі даму тұғырын сақтап қалуға ұмтылды. Білім 
беру жаңа сапаға: өзгермелі, демократиялық және вариативті сипатқа көшті. 
Оқу мекемесінің типін, бағдарламалар деңгейін т.б. таңдау мүмкіндігі туды. 
Білім беру жүйесі жаңа бағыт іздеу, оқыту мазмұнын жаңартуға бет бұрды. 
Әлеуметтік жағдайды, жаңашылдық өзгерістер мен әлемдік педагогикалық 
тәжірибені ғылыми тұрғыдан талдау білім беруді дамытудың жаңа бағдары - 
жаңа стратегиясын таңдауға себепші болды. 
Алдымен білім беру мақсаттарының өзгерісі, ізінше оның тиімділігі мен 
өлшемдері келді. Білім беру жүйесі әлі де болса соңғы нәтиже ретіндегі білім, 
білік және дағдыға бағдарланған. Білім деңгейі мектеп бітірудегі және жоғары 
оқу орындарына түсудегі негізгі өлшемдер ретінде қарастырылады. Ежелден 
белгілі: «көп білім ақылдылыққа үйретпейді». Сондықтан оқыту - міндетті 
түрде тәрбиелік қызметпен сабақтасуы қажет», - деген пікір айтады [110]. 
Қазақстандық 
білім 
жүйесін 
модернизациялаудың 
негізгі 
бағыттарының мақсаты – оның нарықтық экономика жағдайында, 


жаһандануды ескере отырып, қайта жасалуын қамтамасыз ету. Білімді 
модернизациялау осы салада жинақталған позитивті әлеуетті сақтау негізінде 
бұл үдерісті тереңдетіп, дамытудың жаңа құқықтық, ғылыми-әдістемелік, 
қаржылық-материалдық және кадрлық сәйкестік қажеттілігін туғызады. 
Білім жер бетіндегі миллиардтаған адам баласының негізгі іс-әрекетіне 
айналды. Білімнің қоғам өміріндегі рөлі мен орны, оның әлеуметтік 
функциялары мен міндеттері, мәселелері мен қарама-қайшылықтары, оны 
дағдарысты жағдайдан шығарудың және маңызды мәселелерін шешудің 
тәсілдері білім саласын зерттейтін педагогика ғылымының әдіснамасын, оның 
ішінде білім мен тәрбиенің әдіснамасын түбегейлі қайта қарау міндеті бүгінгі 
таңда маңызды мәселе болып табылады. 
Жаңа жаһандану кезеңіндегі білім мен ғылымның мәні, маңыздылығын 
неғұрлым терең талдау үшін олардың тарихи-әдіснамалық қалыптасу 
тұғырларын талдау маңызды болып табылады [111]. 
Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы 
әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті 
бейнеленуі. Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің 
“Bildung” – “бейне” сөзі негізінде пайда болған. Бүгінгі көпшілік таныған 
білім анықтамасының мазмұны: ақиқат бейнелерге саналы бағытталған, 
тарихи шарттарға тәуелді, қоғамдық сананың түбегейлі әлеуметті және 
рухани әлеуметтену үрдісі. 
Білім беру – ғылыми мағлұмат беру арқылы адамның танымын, білімін, 
дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру үрдісі, қоғам мүшелерінің 
мәдениетін дамытудың негізгі шарты. Білім беру жүйесінің басты міндеттері 
– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке 
үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім - оқыту 
мен өз
 
бетінше іздену негізінде жүзеге асады. 
Философия саласында білімді мағынасына қарай: дерексіз - ұзын 
сонарлы, толық емес - салыстырмалы ақиқат, толық дәл білім - абсолюттік 
ақиқат деп бөлсе, педагогика тарихында формальды, материалды білім туралы 
сөз болған [112]. Топтаудың алғашқысы білімнің шындықты бейнелеуіне, 
соңғысы білімнің өмірде алатын орнына байланысты жасалған. Педагогикалық 
энциклопедияда білімді мазмұнына, оқу орнының типіне қарай топтаса, 
тәжірибеде оны оқу пәні, қолдану аясы, көлемі т.б. белгілері бойынша топтауға 
болады. 
Білім- адам үшін берері көп, мағынасы кең ұғым. Ғылыми әдебиеттерде 
білім - айналадағы дүниенің, адамның практикалық және танымдық қызметі 
үшін қажетті жақтарын бейнелеу делінсе, келесі әдебиетте білімді тиісті 
объектілер туралы біздің алған хабарларымыз, акпараттарымыз деп қарайды. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде білім - оқу, үйренумен санаға қонатын 
ақиқат жайлы түсінік [113], ал Қазақ кеңес энциклопедиясында білім - бүкіл 


танымның даму үрдісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани 
қазынасының жиынтығы делінген [114]. Білімге берілген анықтамалардың 
барлығының мағынасы біреу - адам баласының іс-тәжірибесінде, рухани 
өмірінде жинақталған ақпарат, шындық жүйесі. 
Адамның айналадағы дүниені танып - білуі күрделі қайшылыққа толы, 
ұзаққа созылатын және жаңа білімді игеруімен байланысты жүреді. Әлемдiк 
қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ 
мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық 
құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеуі. Бұл 
тұрғыдан қарағанда, білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің 
ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасатынын айтуға болады. 
Білімнің әлеуметтік өмірдегі ерекше сипатқа ие болу кезеңі білім мен 
әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу үрдісі қоғамның тіршілік 
әрекеттерінен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы 
кәсіби мамандардың пайда болу дәуірінен басталады. Жалпы білім қорын 
ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және 
ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет