Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Ұлттық дүниетаным» бағдарламасы 
[270, 18-29 б.б.], 
бүгінгі нарықтық заманның білім беру талаптарына сай бұл бағдарлама көп тілді 
жеке адамды түбегейлі қалыптастырудың жалпы-қазақстандық мүддесін көздейді. 
Бағдарламаның мазмұнында қазақша сәлемдесу, басқа ұлт тілдерінде 
сәлемдесу, мектепте, көшеде және үйде әдепті болу, жақын адамдардың атаулары 
(ата, әже, әке, көке, шеше, апа, аға, әпке, сіңілі, қарындас), қол және саусақ атаулары, 
қазақша ұзындық өлшемдері, төрт түлік және үй жануарлары төлдерінің атаулары, 
жеті ата туралы түсінік, қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары, қазақша жыл аттары, 
туыстық атаулары (нағашы, бөле, жиен, жезде), үй жиһаздарының атаулары, төрт 
түлік пірлері, қазақ халқы – түркі тілдес халықтар бәйтерегінің бір бұтағы, ұлттық 
тағам түрлері (ет, сорпа, ұн, дән тағамдары), ыдыс-аяқ түрлері, егіншілік, ұлттық саз 
аспаптарының түрлері, қазіргі егемен еліміздің мемлекеттік басқару жүйесі, қазақ 
хандары: Абылай хан, Кенесары Қасымұлы, қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, 
Әйтеке би, қазақша қару-жарақ атаулары, ат әбзелдерінің атаулары, аңшылық туралы 
әңгіме, қазақ халқының қолөнері, Қазақстандағы көне қалалар мен тарихи 
ескерткіштер, киіз үй және оның түрлері, «Ел болам десең, бесігіңді түзе», бесіктің 
түрлері, жүн түрлері және атаулары, кілем тоқу, мал терілерінің түрлері, сүйектен 
жасалатын бұйым атаулары, тұяқтан жасалатын бұйым атаулары, қазақ халқының 
ұсталық өнері, металдан жасалатын бұйым атаулары, қыз-келіншектерге арналған 
зергерлік бұйымдар, ши тоқу, құрал жабдықтары, ұлттық киім түрлері, қонақты 
қарсы алу, ас ішу дәстүрі, қазақтың сазгерлік аспаптары, ер қаруы-бес қару, садақ, 
қылыш, найза, айбалта, шоқпар, «Ту», «Байрақ», «Жайлау»-шығу тарихы, қазақ 
халқының аңшылық өнері көрініс тапқан [270]. 
М.Оразаева, М.Смаилова дайындаған «
Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 
бағдарламасы
[271], орта мектептерде ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық тәлім-тәрбие 
тарихынан арнайы сабақтарда мағлұмат беру арқылы жас жеткіншектердің мектеп 
қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік беріледі. 
Бағдарламаның мазмұны қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсінік, бала тәрбиесіне 
байланысты салт-дәстүрлер (шілдеханадан бастап – үйленуге дейін), табиғатты 
аялау, экономикалық тәрбие, тұрмыстық салт-дәстүрі (киіз үи-баспана, 


шаруышылық түрі 21 сағат), әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер (ауыл адамдарының, 
туысқандық қарым-қатынастар, үйлену тойы, халықаралық мерекелер, т.б. 26 сағат), 
жаңа заман дағдылары (4 сағат, барлығы 70 сағат) қамтиды. Бағдарлама дәрістер, 
әңгімелесулер, көрмелер, пікір алмасулар арқылы жүзеге асырылады. 
Мектеп өміріне ұлттық тәрбие идеяларына негізделген «Әдеп» оқу пәндері 
енгізілді. Сол кезеңдерде оның да бірнеше авторлар дайындаған бағдарламалары 
жарық көрді. 
С. Қалиев құрастырған 
«Әдеп әліппесі» оқу пәні
[268], балаға табиғи ортаны 
қорғау, өмір сүру қабілетін қалыптастыру, халықтық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрді 
үйрету арқылы жас ұрпақты ары таза, рухани байлығы мол, «Бала тәрбиелеуге 
байланысты салт-дәстүрлер», «Тұрмыстық салт-дәстүрлер», «Әлеуметтік-мәдени 
салт-дәстүрлер», «Моральдық өлшем туралы түсініктер мен қағидалар», немесе 
«Жаңа заман салт-дәстүрлері» деп аталатын тақырыптар көмегімен ұлттық білім мен 
тәрбие беруде: 
- адамзат және қоғамдық іс-әрекеттерге пікір білдіріп қорытынды жасағанда 
моральдық өлшем, ұғым қағидаларын қолдану; 
- оқушылар мен үлкен адамдардың мінез-құлқына өз беттерінше қорытынды 
жасату; моральдық тақырып бойынша хабар, әңгіме дайындау, көпшілікке өз пікірін 
ауызша да, жазбаша да баяндап бере білугедағдыландыру; 
- қоғамға жат қалықтарды талқылап, олармен күресу жолдарын үйрету 
сияқты ұлттық біілімдерді қалыптастыру мәселелері қарастырылады . 
С.Қалиев пен С.Иманбаева ұсынған орта мектептің оныншы сыныбына 
арналған «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет