»,
«азаматтық
»
ұғымдармен
алмастырды.
1931 жылы неміс социологы Р.Михельс отаншылдықтың Отанға деген
сүйіспеншілік қасиетін кеңейтіп, оған нәсіл мен тек, дін мен тілдің бірлігі,
мәдениет пен тағдыр ортақтығы, мемлекет ортақтығы мен мақсаттар бірлігі
секілді қасиеттерді қосты.
Қазақ халқының өзге ұлттар сияқты білімді, өнерлі болуына алғаш үн
қосқан Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров т.б. болды.
Шоқан Уәлиханов Шығыс халықтарының, әсіресе қазақтардың тарихына,
мәдениетіне, этнографиясына, ауыз әдебиетіне мән беріп, олардың үлгілерін
жинастырып, ғылыми тұжырым жасаған. Ол қазақ даласында білім беру ісі
ғылыми негізде құрылып, оқыту табиғат құпиясын тануға бағытталуына мән
берді. Ш.Уәлиханов: «Табиғат пен адам,өмір мен өлім ақыл жетпес таң-
тамаша бір құпия жұмбақ болатын.Табиғат пен адам! Иә,айтыңызшы, дүниеде
табиғаттан, адамнан құпия кереметті небар?! Тәңірге сыйыну сәби тәріздес
адамның күн мен айды, жұлдызды, қысқасы табиғат пен аспан әлемінің толып
жатқан мәңгілік,шексіз көп құбылыстарының жасырын сырларын, өлім мен
өмірді, жанды мен жансыз жаратылыс арасындағы байланысты танып білу
талабынан туындаған»,-деген пікіріне [196, 471б.] қарағанда табиғат, адам-
дүниенің негізгісі, бірін-бірі жаратушы, өзгеріске түсіруші. Себебі, адам іс-
әрекет арқылы дүниенің құбылыстарын танып, оны өзгертеді және алдағы ісін
бағдарлайды. Мысалы, қазақгар ертеде ауа-райында болатын құбылыстарды
анықтайтын метеорологиялық орталығы болмаса да, жаз айларында болған
құбылыстарға қарап, қыстың ерте түсетінін, салқындығын, ұзақтығын
бағдарлап, шаруасын яғни іс-әрекетін табиғатқа бейімдеген.
Ш.Уәлиханов қайтыс болғаннан кейін, оның еңбектерін баспадан
шығарған академик Н.И.Веселовскийдің еңбегінде: «...Шоқан Уәлиханов
Шығыстану әлемінің үстінен құйрықгы жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың
Шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп
танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды
жаңалықтар ашуды күткен еді», - деп жазуы оған берілген үлкен баға болды.
Сөз өнерінің айтулы зергері Мағжан Жұмабаев ой-пікірлерін қарастыра
келе аңғарғанымыз, толыққанды тұлға – бұл «өз ұлтын сүйген адам, ол өз
ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады.Өйткені ұлттық мақтаныш
жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Ердің бағасы елге деген жүрегінің таза
болуында, тілегінің елмен ортақ болуында» [197]. Адам жанын жазбай
танитын ақынның пікірінше, адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты -
өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге
ұмтылу. Ол адам ылғида өзін-өзі тексермесе, ілгері баса алмайды, - деп
түйіндейді.
Мағжан Жұмабаев «түзу адам», «жетілген адам», «толық адам», туралы
айта келіп, бұл оның пішін-келбетінен, жүріс-тұрысынан, нақты ісінен
байқалады, бұл айтылғандар тұлғаның қандай мінезде екенін білуге мүмкіндік
береді дейді. Ақын адамның биік ізгілікке жету жолдарын саралап көрсетеді.
Оның түсінігінше, адам қалайда, қашанда бірге пайда келтіретін орамды ақыл
мен көркем іс, ізгі ой мен ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады, бұл жай
адамның ішкі жан дүниесін көркейтетін ізгілікке жетектеу арқылы ұлттық ізгі
қасиеттері де аша түседі. Осындайда кісі алдына нақты мақсат қояды, қоғамды
биік тұғырға көтеретін рухани мұраттар іздейді.
Мағжан Жұмабаев адамдар арасындағы қарым-қатынастың ізгілікпен
қатар жауыздықтың өрбитінін қадағалайды. Мәселен, ол аяныш сезімі
адамның ізгілігінен туындайтынын айтады, бас ауырып, балтыр сыздағанда
көңіл сұрау, қуаныш пен қайғыға ортақтасу секілді рәсімдер тұлғалық қасиетті
көрсететін белгінің бірі дейді. Адам тұлға, кісі болу үшін өзін сүю,
жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі,
халқын сүйген ел мұқтажын ойлаған, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана
тұлға бола алады. Мұндайда ол жан-жақты дамып, нағыз өркениет жолына
түсе алады.
Мағжан ақын түсінігі бойынша нағыз тұлға болу үшін жасаған іс-
әрекетінде де ішкі жан дүниеңде де Алланы ұмытпауың, сенімің берік болу
керек. Құлық сезімдері күшті болуы үшін, яғни ізгі болуы үшін, жауыздықтан,
ізгілікке ұмтылу үшін адамда дін сезімдері күшті болуы керек. Жаратушыны
сүю ғаділет пен адамзатқа деген махаббат адамның ішкі рухани болмысын
жақсартады. Ондай тұлға таза жүректі болады, халық мұңын жоқтай алады.
Дін сезімдері күшті адам, яғни Тәңірінің барлығында, құдіретіне сеніп, оның
махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға тырысатын адам өмір бойы ізгілікке
ұмтылып, жауыздықтан безіп, ала жіпті аттамайды. Адамдықты арсыз, арбау
дүниеден ажыратып алар тек осы иман. Иман адам санасына сәби кезеңінен
сіңірілуі тиіс, - дейді ақын.
Ұлтқа, еліне қызмет етудің ерен үлгісін көрсеткен ХХ ғасыр басындағы
қазақ зиялылары ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Мағжан
Жұмабаев: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың
бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар, әрбір ұстаз,
тәрбиеші онымен таныс болуы тиіс», - дейді.
Жалпы алғанда елдің елдігін сақтап, көсегесін көгертетін ұлтжанды,
жігерлі, білімді ұрпақты қалай тәрбиелеп, өсірудің жолдарын үйрету туралы
жазбаған бірде бір Алаш зиялысы болған жоқ десек артық айтқандық
болмайды.
М.Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік мұраларының
негізгі тақырыптарының бірі – тұлға мәселесі. Осы мәселені қарастырғанда,
Мағжан түйіндерінің ілкі бастаулары тым тереңде жатқаны байқалады. Ол
өзінен бұрынғы ұлы ойшылдардың туындыларын елеп-екшеп, олар қозғаған
осынау өзекті мәселені сомдау арқылы адам болмысын жетілдіруді мақсат
етеді.
Ата-бабамыз «тәрбие негізі - өнеге, оның мақсаты – адамды, сол
адамның ұлтын, барлық адамзат дүниесін бақытты ету. Ұлт мүшесі - әрбір
адам бақытты болса ұлт бақытты, адамзат дүниесі бақытты» деген. Қазақ
халқының тәрбие туралы ой армандары тек қазақша ұғымдармен тараған. Ата-
баба тәлім-тәрбие жүйелері ғасырлар бойы қалыптасқан қағидалары,
қисындары, жөн-жөсығы, ақыл-нақыл сөздері мен ұғымдары, болжам-
топшылауларында көрініс тапқан. Ата-бабаларымыздың дәлелді, тайға таңба
басқандай етіп айтқандары қазіргі заман талабымен үндесіп, дайын үлгі, өнеге,
тәлімдік әдіс-тәсіл ретінде тәрбие саласында баға жетпес үлес қосып отыр.
Алайда, Кеңес өкіметі тұсында ұлттық тәрбиеге көңіл аударылмағанын
айтпағанда, ұлтын сүю, «ұлтшылдық» деп айыпталды. «Алаш» азаматының
ұлты үшін істеген игі бастамалары аяқасты етілді. Тәуелсіздікке қол жеткізген
Қазақстан саяси тұрақтылық пен жаңа азаматтық қоғам қалыптастыруда
бірізді саясат ұстанып отырғаны құптарлық. Бірақ, ұлттану саласында әлі де
бұрынғы қатып қалған қағидалардан арыла алғанымыз жоқ. Бұл әсіресе
«ұлтын сүю», «ұлтжандылық», дәлірек айтсақ «ұлтшылдық» ұғымдары мен
соған сәйкес түсініктеріміз төңірегінде айқын аңғарылады. Ал бұларсыз
отансүйгіштікті елестетудің өзі мүмкін емес.
Қазақ – ежелден ұрпақ тәрбиесіне, оны өсіруге қатты көңіл бөлген
халық. Осы орайда ойы терең, өмірден түйгені мол өз заманының ақылгөй
даналары былайша тұжырым жасайды:
ХХ ғасырдың білікті қоғам қайраткерлерінің бірі - Әлихан Бөкейханов
былай деген: «Менің сүйегі сынбас, сағы таймас, текті рухты халқымның
кереметтігі сол, ол өзінің тегіне тән сұлулықты, тектілікті сақтай білген. Бұл
менің ғана халқыма тән қасиет»[198].
Ғұламалардың айтып кеткен нақыл сөздерінен қазақ өзіне тән
ерекшеліктерді сақтай отырып, бар тіршілік болмысын теңдесі жоқ тектілігіне
сәйкес қалыптастырса деген арман туады. Сонда Көк түріктей атадан,
Ұмайдай анадан тараған қазақ халқының жас ұрпақтары болашаққа өсер биігі
өрде, шығар шынарым шыңда деп ұмтылар еді. Сондықтан тәрбиедегі негізгі
түп – тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс қалыптастыру ата-ананың
негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару үшін олардың өздері баласына өнеге
болуы тиіс. «Көп адам дүниеге бой алдырған, бой алдырып аяғын шөп
шалдырған», - дегенде, Абай ұрпағына осыны ескерткен.
Қазақ жеріндегі ұлттық тәрбие берудің келесі шоқтығы биік жұлдызы
Халел Досмұхамедов болды. Оның ұлттык, тәрбие беру туралы ой-пікірлері
түрлі қоғамдық қызметтерде, «Сана», «Шолпан» журналдарында шыққан
мақалаларында, сондай-ақ, «Қазақ халық әдебиеті» атты оқу құралдарында
жарық көрді.
1921 жылы X. Досмұхамедов Түркістан республикасында қазақ-қырғыз
ғылыми кеңесшісі төрағасы болады. Комиссия қазақ арасында ғылым мен
білімнің таралуында оқулықтар, оқу құралдарын шығару, мұғалім кадрларын
дайындау
сияқты
ауқымды
шаралармен
айналысты.
Ол
туралы
X.Досмұхамедов
«Қазақ-қырғыз
комиссиясынан»
атты мақаласында
баяндаған.
X.
Досмұхамедов комиссия жанынан «Сана» атты журнал
ұйымдастырып, оның редакторы болады. «Сана» журналында шыққан
материалдармен таныса отырып X. Досмұхамедовтың ұлттық тәрбие беру,
соның ішінде мұғалімнің міндеттері туралы көзқарастарын аңғаруға болады.
Журналды шығарудағы мақсат: «Аңсаған елге, мұгалімге, жас өcпipiм
шәкірттерге түciнiктi сөз беру». Оның тақырыптары оқыту мен тәрбиелеудегі
ұлттық идеяны жан-жақты қамтиды. «Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл
болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді: мектеп пен баспада
қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай
қоймайды». Осы ойын Халел «Қазақ-қырғыз комиссиясы» атты еңбегінде
былай жалғастырады: «Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел - ел
болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі
бұзылмақшы. Тілінен айрылған жұрт - жойылған жұрт. Ана тілін білмей тұрып,
бөтенше жақсы сөйлесең, ол күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше
жақсы сейлесу бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор
қате».
X. Досмұхамедов қазақ халқының тәрбиелік даналығы мен тәжірибесі
оның ауыз әдебиетінде екенін сезіп, Батыс Қазақстанның ауыз әдебиетінің
үлгілерін жазып алумен шұғылданып, оларды жинап, олардың негізінде
«Мұрат ақын сөздері» (1924), «Аламан» (1926) кітаптарын алғы сөзімен
түсініктерін жазып, баспадан шығарады [29, 83 б.].
Халел Досмұхамедовтың фольклортану саласындағы еңбектерінің
ішінде ең оқшау тұратыны оның 1928 жылы шығарған «Қазақ халық әдебиеті»
еңбегі. Онда ол қазақ ауыз әдебиетінің түрлерін жіктеуді мақсат етіп, ауыз
әдебиетінің 46 түрі мен жанрларын топтап, сатылап, толық ғылыми жүйелі
жіктеген. Ол фольклорды тек жалаң сөз өнері деп танып қойған жоқ, оны әдет-
ғұрып, наным-сеніммен байланысты этнографиялық мәліметтерден бөле
жармай қарау керек деп санаған. Осылайша, ауыз әдебиетінің тәлім-тәрбиелік
мәнін ашуда халықтың салт-дәстүрлерін пайдалануды ұсынған.
Ол еңбек туралы профессор С. Қалиев былай дейді: «Досмұхамедов
қазақ жоғары педагогика институтының қазақ тілі кабинетінде оқыған
«Қазақтың халық әдебиеті" атты лекциясында халықтық педагогиканың кейбір
проблемаларын сөз еткен. Мәселен, халық әдебиетінің мазмұны туралы
айтқанда шілдехана, бесік жырларының тәрбиелік мәніне тоқтала келіп, "Қазақ
баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмілетке толғанға дейінгі тыныс
тіршілігі ән-жырдың құшағында өтеді. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстық
ырғақтардың басты орынға шығуы, сірә, халық әдебиеті мен халық әндерінің
кең тарап, дамуы және оның тәрбие құралы болуы себеп болса керек». Ғалым
мұнан кейін ғашықтық жырлардың шығу тарихы мен тәлім-тәрбиелік мәнін сөз
ете келіп, жар-жар, той бастар, бет ашар жырларына ерекше тоқталады. «Бұл
жырларда, - деп жазды ол, - жаңа түскен келінді жаңа жұртқа таныстыру
көзделсе, сонымен бірге негізінен келінге қатынасты әдептілік ережелері және
қайын атаға, қайын енеге, күйеу жігіттің өзге де туыстарына мінездеме
беріледі»- деп, тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік жағын сөз етеді [44, 37б.].
Автордың лиро-эпос, тұрмыс-салт жырларына, қазақтың ұлттық өнеріне
жасаған талдауларының да ғылыми-педагогикалық мәні жоғары. Мәселен,
оның «Айтыс өлеңі жастарды табан аузында тапқырлыққа тәрбиелейді, суырып
салма айтыс өнері қазақтан өзге тек көне гректер мен арабтарда ғана кездеседі.
Өкінішке орай, қазақ поэзиясының бүл түрі кейінгі кезде сұйылып кетті ... Егер
келер ұрпақтың ойы ұшқыр болсын десек, оны қайта тірілтіп жандандыру
керек», - деген тұжырымы бүгінгі күн талабымен үндесіп-ақ тұр [199]. Сондай-
ақ ол қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты ырымдардың діни наным-
сенімдерімен байланысты туу себебін аша келе, қайсыбір ырымдарды
бұлжытпай орындап отыру тәрбиелікті, көргендікті көрсетеді және міндетті
түрде атқаруға тиісті әдеп сақтау болып табылады- деп, бұлардың тәлімдік
мәнін арнайы сөз етеді.
Сонымен қатар, «Қазақ халық әдебиеті» еңбегінде X. Досмұхамедов
қазақ халқының тұрмыстық салт-дәстүрлері туралы, оның тәрбиелік мәні
туралы жан-жақты баяндаған. Мысалы, ол халқымыздың шаруашылық кәсібі,
тұрмыс тіршілігі, аңшылық өмірі, киіз үйі мен оның барша жиһазы, ұлттық
киімдері, әсіресе қыздар тағатын алтын-күміс, сырға-шолпы, теңге, қамқа-тон,
бес қару мен ер-тұрман т.б. тізбектей келіп,осылардың жас буынды еңбекке,
кәсіпшілдікке, ерлікке, әсемдікке, сыпайылыққа, адамгершілік қасиеттерге
баулып тәрбиелеуде маңызы зор екендігін нақтылы деректер келтіріп
дәлелдейді.
X.
Досмұхамедов өзінің ұйымдастырушылық және ғылыми-
педагогикалық жұмыстарында қазақ ұлттық мектептерінің жаңа жүйесін
құруға, қазақ тілінде ғылыми терминология жасау ісіне белсене араласты,
әсіресе ұлттық қазақ мектептері үшін төлтума оқу құралдарын жазып
шығарады.
X.Досмұхамедов қазақ оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын
жазған. Олар 1927 жылы «Адамның тән тірлігі», 1926 жылы «Жануарлар»және
«Сүйектілер туралы», 1932 жылы «Табиғаттану», 1925 жылы «Оқушылардың
денсаулығын қорғау» және «Тән жүйесін тану», 1926 жылы «Жануартану» атты
оқу құралдары кезінде қазақ мұғалімдері мен оқушылары үшін теңдесі жоқ
еңбектер болды. Өйткені оларда қазақ халқының мал, адам және табиғат туралы
халықтық білімдері кеңінен пайдаланылған.
Сонымен, Халел Досмұхамедовтың төл оқу пәндері бойынша ұғымдар
мен атауларды құруы, тіл, білім беру жүйесін, мектептер проблемаларын
жасаудағы оның ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері білім беру мазмұнына
қосқан ерекше үлес деп айтуға негіз болады. Сол қазақ халқы үшін қызмет етуді
өмірлік мұрат еткен аяулы азаматтың артында қалған мұралары қазіргі егемен
еліміздің жас ұрпағын ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызы ерекше екені сөзсіз.
Қорыта айтарымыз, қазақтың ағартушы-педагогтарының еңбектері
ұлттық сана-сезімді, ұлттық намысты, тарихи сананы қалыптастыруда алатын
орны мен маңызы ерекше. Сондықтан сол қазақ тәлімгерлерінің ой-пікірлерін
егемен еліміздің бүкіл халқын, әсіресе жас ұрпағымызды қазақ халқының
ұлттық рухында тәрбиелеу негізіне алынуы, ол үшін олардың сол ұлттық тәрбие
беру туралы көзқарастары жан-жақты зерттеліп, оқу-тәрбие жұмысында кең
қолданыс табуы тиіс. Сонда ғана ұлттық тәрбие - ұлт болашағының негізі бола
алады.
Тарихтағы осындай көріністер ұрпақ санасының ұлттық намысы мен
ұлттық рухын көтеруге қызмет еткен. Егер ұрпақ бойында жаһандану
кезеңінде осы қасиеттер болмаса, егемендігімізді, елдігімізді дәлелдеу мүмкін
емес. Ұлысыңа, ұлтыңа деген құрмет пен қызмет те патриоттық сезімнен
туады.Бұл жағдайда қазақ ұлтының жастарына осындай өзге елдердің
ерекшілігін айтудың тәрбиелік мәні зор.
Ұлттық тәрбиенің ғылыми-теориялық негізін анықтау үшін оның
өзіндік ерекшелігін ескеру қажет. Бұл ерекшеліктерге мыналар жатады:
ұлттық тәрбиенің адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге
жасасып келуі; қоғамды құру, қоршаған ортаны, табиғатты өзіне икемдеп
игеруде еңбек тәрбиесінен алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқаруы,
тәрбиенің басқа түрлерінің кейін тууы, халықтың тәрбие жөніндегі қағидалары
өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; оның ұлттар
мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық
арасында ауызша тарауы, сондықтан да оның шығарушылардың аты-жөні
халық жадында сақталмай, бүкіл халықтың мұраға айналып кетуі, халықтың
ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой-түйіндері сол халықтың ой-
тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің сақталып, ал
тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып, қалуы; халық педагогикасы
өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілуі, ұшталу үстінде болуы;
сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге теорияларға емес, жеке бас
тәрбиесінің үлгілеріне және оның нәтижесіне қарай құрылып, тәрбие
тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің
қоғамда бөлінбей, тұтас түрінде берілуі.
Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан
–ғайыр жерді талай ғасырлар бойы басқыншы жаудан қорғап бостандық пен
тәуелсіздік жолында шыбын жанын пида еткені белгілі. Сондықтан да біздер
халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен
Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір
тұтып, қастерлейміз, олардың халқы үшін қалытқысыз қызмет еткенін үлгі-
өнеге етеміз.
Ұлттық тәрбие идеяларына негізделген тәрбие мазмұны жас ұрпақты өз
ұлтының мәдениетімен қауыштырып, оның құндылықтарын сақтап қалумен
қатар мазмұнын әрі қарай әрдайым дамытып отырады. Ұлт идеяларына
негізделген тәрбие ұрпақ бойында ұлттық сана, мінез-құлық қалыптастыруға
бағытталады; өз ұлтының өмір сүру қағидаларын, әдет-ғүрып, салт-дәстүрлерін
меңгеруіне әсер етеді; оқушыларды өз ана тілін, тарихы мен әдебиетін, өнерін
терең біліп, қастерлеуге баулиды.
Тәрбиенің мәнін зерттеуге арналған еңбектерге жасалған талдау бүл
мәселенің күрделілігімен қатар көпсалалы екендігін, соған байланысты оның
зерттелу әдіс-тәсілдерінің де жан-жақтылықты талап ететінін аңғартады.
Сонымен, қазақ педагогикасы ғылымы өскелең ұрпақты оқыту мен
тәрбиелеудегі халық педагогикасындағы озық идеялар қазақ халқының
тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-
өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырды. Өмірдің әлеуметтік
жағдайларының өзгеруімен, қоғам мен тұлға қажеттіліктерінің дамуымен
байланысты халық тәжірибесіндегі педагогикалық құндылықтар қайта
жасалып, жаңаша сипат алып отырады.
Педагогика тарихында алдыңғы теориялардың мазмұнының кеңейтіліп,
тың көзқарастар мен ағымдардың қалыптасуы заңды құбылыс, мұның өзі
әлемдік педагогика мазмұнын ұлттық тәрбиенің жетекші идеяларымен
толықтыру қажеттілігін дәлелдейді. Өйткені құндылық бағдар тұлғаның ең
басты, ауқымды сипаттамасының бірі ретінде әрекет етеді, ал оларды дамыту
ізгілендіру педагогикасының негізгі міндеті және қоғам дамуының маңызды
жолы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |