Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет23/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Бірінші кезең
, яғни дайындық кезеңіне ұлттық білім мен 
тәрбие 
кеңістігін 
қалыптастыру үшін барлық жағдайды құру қарастырылады. Бұл – 
Қазақстан этностарының мәдени-тарихи мұраларын сақтауды, мәдени 
бостандығы мен құқығын қамтамасыз ететін құқықтық актілерді дайындау. 
Елімізде тұратын этностардың мәдениеті мен тілін сақтау, қайта жаңғырту мен 
дамытудың арнайы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын қабылдау. 
Екінші, негізгі кезеңнің
мазмұны институционалдықтан тыс оқытуда 
көптілді білім беруді енгізу болып табылады. Университеттер мен 
институттарда, педагогикалық колледждерде көптілді оқыту бойынша 
мамандар дайындауға, әсіресе мемлекеттік тілде сабақ беретін мамандар 
шығаруға көңіл ерекше бөлу керек. Оқыту мен тәрбиелеудің ұлттық тілді 
бағдарламаларын дайындау, музейлердің, фольклордық-этнографиялық 
ансамбльдерінің жұмысына жағдай жасау, ұлттық тілде ғылыми-көпшілік 
және көркем әдебиеттер құру жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады. 
Үшінші, қорытынды кезеңде
ұлттық тілдегі эксперименттік және типтік 
оқулықтар, оқу құралдары мен анықтамалар, терминологиялық сөздіктер 
дайындау жұмысын аяқтау көзделген. Сонымен бірге, халық педагогикасының 
Қазақстан энциклопедиясын, фольклор антологиясын және елдегі 


этностардың ауызша ескерткіштерін баспадан шығару, этникалық топтардың 
тілдеріндегі мерзімді басылымдарды шығаруды жолға қою, Қазақстан 
этностарының тілдерінде радио және телехабарлар уақытын белгілеу т.б. 
Бұл белгіленген іс-шаралардың барлығы мемлекетіміздің 
ұлттық білім 
және тәрбиедегі мемлекеттік тұтастыққа
жетуіне бағытталған. Олай болса, 
өзіндік көзқарасын, ерік-жігерін, іс-әрекетін ұйымдастыра білетін қабілетті 
тұлғаны тәрбиелеуді көздейтін ұлттық білім және тәрбие үрдісі жоғары мектеп 
субъектісі 
ретінде 
студенттің 
психологиялық 
мүмкіндіктері 
мен 
ерекшеліктерін жан-жақты талдау жасау негізінде жүзеге асырылатынын 
ескеруіміз керек. 
Студенттік ортаның әлеуметтік-психологиялық категория ретіндегі 
проблемаларын 
зерттеуде 
Б.Г.Ананьевтің, 
Н.В.Кузьминаның, 
Е.И.Степанованың, сондай-ақ П.А.Просецкийдің, В.А.Якуниннің және т.б. 
зерттеулерінде кең көлемде бақылау нәтижелері жинақталған, аталған 
проблема бойынша жасалған тәжірибе қорытындылары мен теориялық 
мәліметтер берілген. Бұл зерттеулердің қорытындылары студентті белгілі бір 
әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициясы 
бар оқу әрекетінің ерекше субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. 
Студентті тұлға ретінде төмендегідей үш жағынан сипаттауға болады: 
1. Психологиялық жағынан ол психологиялық үрдістің, жағдайдың және 
тұлға қасиетінің бірлігін көрсетеді, яғни психологиялық қасиет (бағыт, 
темперамент, мінез, қабілет) негізгі роль атқарады, себебі ол психологиялық 
үрдістің өтуіне, психологиялық жағдайдың және пайымдаулардың пайда 
болуына әсер етеді.Сондықтан жеке студентті зерттеу барысында әр адамға 
тән ерекшелегін, оның психологиялық жағдайы мен қасиетін ескеру керек. 
2. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда студенттің қандай да бір белгілі 
әлеуметтік топқа, ұлтқа, т.б. жататындығына байланысты туындайтын 
қоғамдық қатынастар және оның мәнін түсінуі, байланысы мен орны 
қарастырылады. 
3. Биологиялық тұрғыдан - студенттің жоғары жүйке қызметінің типін, 
анализаторлардың құрылысын, шартсыз рефлекстердің, инстинктерінің, 
физикалық күшінің, дене құрылысының, бет-бейнесінің, терісінің, көзінің, 
түсінің, бойының және т.б. ерекшеліктерін қарастырады. Биологиялық жағы 
негізінен тұқым қуалаушылықпен, туа біткен нышандармен белгілі болады, 
бірақ белгілі жағдайларда өмір сүру шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.
Мұндай қырларын зерттеу студенттің білім сапасы мен психологиялық 
мүмкіндіктерін, жас және тұлғалық ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. 
Студенттің жас кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет