95
көбейту процесі тілде бұрыннан қалыптасқан фразеологизмдердің ая-
сында жасалуы да мүмкін. Тілді тұтынушылардың барлығына таныс
фразеологизм арқылы фраза туындатуға болады.
Жаңа форма туындатудың бұл түрі ғылыми əдебиеттерде фра-
зеологиялық деривация деп аталады [Кунин, 1980, 51-55]. Фразеологиялық
деривацияны фразеологизмдер негізінде окказионал тіркес жасау ретінде
қарастыруға болады. «Фразеологиялық деривация» термині лингвистика
саласында кеңінен танылған жəне жаңа пайда болған фразеологиялық
тіркес немесе сөздің жаңа мағынасының жасалу процесін белгілеу ба-
рысында қолданылады.
Фразеологиялық тіркестердің өзгеруіне, жаңаруына жаңа бақылаулар,
бейнелер, жаңа ассоциациялар себеп болады. Фразеологизмдер:
•
Достарыңызбен бөлісу: