Лексикалық өзгеріс. Мұнда фразеологиялық бірліктің мəні мен компоненттер құрамы
сақталып, лексикалық бірліктегі бейнелілік өзгереді. Мысалы:
•
Маратжанның жағасы жайлауда, етегі қыстауда еді. /С.Ə./ •
Өзің жоқта үйіңе кіріп алып, жағамыз жайлау, төбеміз қыстау , отырмыз жайланып. /Ғ.Мүсір/. •
Ой, шатастырған құдай-ай, мен де сол сияқты шаруа бағып үйде тыныш жатсам, əуелден жағам жайлау, төсім өріс болмай ма? /А.Н/. •
Іші күйгендердің сірке суын ішсе де , еркі, Аткелтірді, яғни Атекеңді мен карта ойнап ұтып алғаным жоқ (Ж. Сабыржанұлы,
327 б.).
Келтірілген қос тағанды фазеологизмдердегі алғашқы аллитерациялық
жағасы жайлау тіркесі еш өзгеріссіз қалып,
етегі –
төбе – төс , ал
қыстау –
өріс болып, ассоциация мен бейнеліліктің өзгеруіне лексикалық
варианттар қатары қосымша ықпал етіп тұр.
Іші күйген сірке суын ішсін жеке қолданысы «ішің күйсе, тұз жала»
сияқты қалыпты тіркесінен сөзді құбылтып, ерекше əсер ету мақсатында
ұтымды жасаған: 1)
күйсе дегендегі етістіктің шартты райының жұрнағы
«-се» есімшенің «-ген» жұрнағымен ауыстырылған; 2)
тұз жалау – сірке суын ішу тіркестің екінші компоненті толығымен өзгерген;
Тіл арқылы жеткізілетін ой шексіз, ал тілдік амалдар сан жағынан
да, сапа жағынан да шектеулі [Жинкин, 1982, 73]. Сондықтан да адам
психикасында тілдік белгілерді бұзу механизмі қалыптасады яғни, тіл-
дік амалдарды үнемдеу механизмі іске қосылады. (Мысалы:
көзі ашы- лу – санасы ояну, өмірді тану, білу;
көзі ашылу – қолайлы жағдайдың
тууы, жолы ашылу т.б. басқа көріністі бейнелеуі). Дəл осы механизм
тілдің түрлі ұқсас жағдайларында фразеологиялық тіркестің қолдану
жиілігін семантикасы мен жасалу формасы бойынша анықтайды. Адам
өзінің танымдық ерекшелігіне қарай прагматикалық əрекетінде нақты
болмысты көрсетеді, бақыланатын объектілер арасындағы байланысты
орнатады. (Мысалы:
тұз жалау – сірке суын ішу).