Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет99/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер
67425079.a4, 67425079.a4
Тас түлектей түйілу 
тіркесі қыранның алғырлықпен аңға түсетін 
кезін сипаттайды. 
Тұзақ құру
1. Құс жолына тұзақ байлау. 2.
 Ауыс
. Айла, амал жасау
арамдық, пəле ойлау. 
Тұзаққа түсу
 
1. тұзаққа ілініп қалу. 2.
Ауыс.
Алдауға түсу, ұсталу. 
(ҚТТС, 9т . 264).
Тұғырдан таю 
1. бүркіт тұғырдан түсті, қартайды деген ұғым. 2.
ауыс.
адамға байланысты мансап, қызметтен кетті, дəрежеден айырылды. 
Ұлт тілінің дамуына сол халықтың кəсібі мен шаруашылығының 
əсері мол. Демек бұл тіркестердің жасалуында ұлттық тұрмыс-тіршілік 
жəне мəдени өмір суреттері бар. Қазақ тіліндегі құсбегілік, саятшылыққа 
қатысты атаулар мен фразеологизмдер халқымыздың дүниетанымдық 
ерекшеліктерінен хабардар етеді. Саятшылық – өнер. Саятшылыққа 
қатысты атаулар мен түрлі тіркестер, паремиялар ұлттың мəдени-рухани 
мұрасын өз бойына сақтап келеді. 
Ата-бабаларымыздың күнделікті күн көріс тіршілігінің ерекше бір 
арнасы ертеден келе жатқан – құсбегілік. 
«Құстың алғанынан салғаны 
қызық»; «Ителгі етек былғайды»; «Ителгінің қызығына қызсаң
қаршығаңды қамшы етерсің», немесе «Баба бүркіт барлап ұшады, Бала 
бүркіт парлап ұшады»; «Түлкіге түйіліп түспеген бүркіт қанатынан 
айырылады»; «Кəрі бүркіт қырланса – түлкі іледі, Кəрі күйеу қырланса 
– балдызына көзі түседі» 
деген сияқты мақал-мəтелдер мен аталы сөздер 
құсбегілік, саятшылықтың өнер екендігінің айғағы. 
Сақтықты сұңқардан үйрен 
деген
 
мақалда сұңқар құстың табиғатынан 
өте сақ құс екенін, ал ауыспалы мағынада адамға сақтықтың керектігі
сақ жүрген адамның əр нəрседен аман болатынын тұспалдайды.
Биік таудың басына қиялап ұшып қыран да шығады, Жер бауырлап 
жылан да шығады
деген нақыл – қалай амалдасаң да, алдыңдағы мұрат, 
мақсатыңа əйтеуір жетесің дегені. 


90
Ал орыс тілінде «құс» бейнесіне прототип болып тауық немесе 
шымшық торғай алынған. 1) 
носиться как курица с яйцом, мокрая ку-
рица, писать курица как лапой, слепая курица, куры не клюют; 
2) 
стре-
ляный (старый воробей), короче воробьиного носа. 
Қазақ мəдениетінде көшпелілік, табиғатынан төрт түлік мал 
шаруашылығына бейімділігі, оның үстіне көру, тіршілік ету (саятшылық, 
аңшылық) сияқты басқа амалдар болды. Кейін отырықшы болған соң 
ғана, үй құстарымен айналысуға мəжбүр болғандықтан, тауық асырау 
қазақтарға кеш келген. 


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет