88
Фразеоло
гиялық парадигмалардың құрылымы ядро мен перифериядан
тұрады. Прототип ретінде ядро тұрғандықтан, ол бұл категорияның негізі
болып саналады. Мысалы, қазақ тілінде фразеологиялық парадигмадан
көрінетін «құс» бейнесіне прототиптер түрлі бүркіт, қаршыға, сұңқар тек-
тес құстардың биіктен, қиыннан ілетін ерекше қырағылық қасиеттерін
жалпы
қыран құс
фразеологизмімен сипаттайды. Ал аталған құстардың
жеке-дара өзгешеліктеріне қарай тұрақты тіркестер жасалған.
Мəселен, түс атауын білдіретін «ақ» сөзі фразеологизмдер тудыруға
ұйытқы болған.
Мысалы:
•
Ақ сұңқар / ақ сұңқар құс
– 1.қыран құс; 2. Ер азамат деген
мағыналда.
Ақ
сұңқар келіп шырмалар,
Саятшы алдын парласа (Мұңлық-Зарлық)
•
Ақ иық
– мұз балақ,
ерекше қыран, айрықша асыл қыран
мағынасында қолданылады. Кейде фразеологизмнің орнына – «ақ
иық мұзбалақ» варианты қолданылады.
Мысалы:
•
Ақ иық мұз балақпын жерге түспес. (Айтыс)
•
Ақ иық бүркіт төмендер,
Екі қанат талғанда.
•
Құсбегілер ұстаған бүркіттердің «Алтайдың ақ иығы»,
«Қарағайдың қызыл балақ сарысы», «Түменнің сары құсы» деп
аталуы да мекен-жайына байланысты қалыптасқан осындай
бітім ерекшеліктерінен туса керек. (Т.Əлішеров).
Достарыңызбен бөлісу: