арақашықтық, ұзындық, салмақ-көлем өлшемді
білдіретін
сөздер мен
тұрақты тіркестер, мақал-мəтелдер этностың
танымында əлем бейнесін қарапайым танумен тікелей байланыста
қалыптасқан. Əлем бейнесіндегі уақыт пен кеңістік жүйесінде ерекше
көрініс беретін бірліктер – өлшем бірліктері. Ол адамзат баласының
күнделікті іс-əрекеті нəтижесінде белгілі бір санды, сапаны, шаманы,
мөлшерді, межені анықтау барысында пайда болған. Қазақтың байырғы
өлшем бірліктері этностың тұрмыс-тіршілігінен, саналы ғұмырының
өмір сүру мəдениетінен ақпар береді. Халықтық өлшем атаулары ұлттық
сөздік қордың ауқымды қабатын құрайды. Ат шаптырым жер – бұл
тіркесімге берілген сөздіктегі түсініктеме мен ғалымдардың берген
анықтамасында бірізділік жоқ.
86
Тілімізде
ат шаптырым жер тіркесімен мағыналық жəне
құрылымдық жағынан ұқсас