Монография «Елтаным баспасы»


Лингвоконцептология жəне лингвомəдениеттану



Pdf көрінісі
бет154/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

4.5 Лингвоконцептология жəне лингвомəдениеттану
Тіл біліміндегі антропологиялық бағыттың ең басты сипаты – адам 
болмысын жақ-жақты түсіну үшін, оның тілін, қоршаған ортамен 
қарым-қатынасын, соған орай, коммуникативтік жағдаяттарын зерт-
теу, білу. Тілдің ішкі құрылымдық жағына бағытталған имманенттік 
лингвистикаға қарағанда антропологиялық лингвистканың ерекшелігі 
осында. 
Антропологиялық лингвистика аясынан адам санасында 
қорытылған білім бөліктері – концептілерді қарастыратын линг-
воконцептология бөлініп шығады. Лингвистикалық концептология 
– философия, мəдениеттану, психология сияқты пəндердің ғылыми 
жетістіктерімен лингвистиканың зерттеу бағыттарының толығуы 
арқылы жетілдірілген заңды бағыт.
Қазақ тіл білімінде лингвоконцептология түрлі нысандардағы концеп-
тілерді зерттеу, мысалы, «жүрек», «тары», «тағдыр», «өзімдікі-өзгенікі», 
«əйел» сияқты əр жерден «бас көтеріп» жүрген ғылыми еңбектерден 
байқалады. Ал орыс тіл білімінде лингвоконцептологияның ғылыми 
мектептері əр аймақта орналасқандықтан, жүйелі даму мен қалыптасу 
үрдісі бар. 
Лингвомəдениеттануда кешенді білім ретінде қарастырылатын мəдени 
концептілер бар. «Концепт – мəдениеттің микроүлгісі, ал мəдениет – 
концептінің макроүлгісі» [Зусман, 2001, 41]. 
Концептінің ең басты өлшемдерінің бейнелілік, ұғымдық жəне 
құндылық түрлерінің ішінде «құндылық» ұлттың мəдени ерекшелігіне 
байланысты. Олай болса лингвоконцептологияның бір тұғырын тіл мен 
ұлттық мəдениеттің арақатынасынан іздеу керек. Ол үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет