197
•
Бұл сөзді Сыздықпен бірге естіген жігіттер əңгіменің бетімен
тегіс өкінгендей болып, əрқайсысы əртүрлі сөз айтып өздерін
кінəлап,
бармақтарын шайнады
.(М.Əуезов.)
Сонда келтірілген мысалдар бойынша, етістіктердің өзгеріске түсуі
фразеологизмдерге тікелей байланысты болады.
Етістік формасы тіркес-
імге түскен фразеологизмдер арқылы анықталады.
«Синтагматикалық қатардың бір мүшесінің семантикалық тəуелсіздігі
əлсіреген сайын, синтагматикалық қатардың басқа мүшесі сүйемел
сөздің көрсеткіш күші артады. Осы сөздер мен фразеологизмдердің тір-
кесім құруы кезінде семантикалық компенсация құбылысы байқалады»
[Жуков, 2006:108]. Мəселен, қазақ фразеологиясында
кейбір етістікті
тіркестердегі, етістік компоненттің семантикалық тəуелсіздігі жоққа тəн
болатын құбылыстар аз емес.
«МҰРНЫНАН ШАНШЫЛУ» – өте жұмысбасты, қолы тимеу.
Сөйлемдерде бұл фразеологизмнің «шаншылу» етістігі
көсемшенің
-ып
формасынан басқа еш уақытта түрленбейді. Сондықтан бұл арада етістік
сүйемел сөз керек.
Мысалы:
•
Ертеңнен қара кешке дейін базарда «жол,жол» деп айқайлаудан
тамағым да бітіп қалады. Оның үстіне жүк арбаны итеруден
иығым мен қолым талып, дем алуға уақыт жоқ,
Достарыңызбен бөлісу: