Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет62/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

81. Үй артында қолағаш
Бұл ойынды 10–15, кейде одан да көп балалар бір топ болып ойнайды.
Ойын тәртібі. Қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:
Үй артында қолағаш,
Желбау тартам, есік аш.
Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған балалар:
Үй артында қолағаш,
Жел кірмесін, есік бас, –
деген сөзді қайталай береді. Тұрған балалар ұстасқан қолын ажыратпайды. Ол – есік ашпағанның белгісі. Енді
Үй артында қолағаш,
Желбау тартам, есік аш, –
деп жүгіріп жүрген бала өзі таңдаған бір баланың артына орамалмен бір соғып қалады да, орамалды сол баланың артына тастай сала:
Үй артында қолағаш,
Озам десең, ала қаш, –
деп өз бағытымен жүгіре береді.
Сақтанып, әзір тұрған бала да «Қолағашты» ала сала, әлгі балаға қарай қарама-қарсы жүгіреді. Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар:
Үй артында қолағаш,
Қолағаштан ала қаш.
Бұрын келген балаға
Тездеп бар да есік аш, –
деп хормен айтып тұрады.
Қолағаш, қолағаш!
Жел кірмесін, есік бас! –
деген сөзді барлық бала хормен тағы да айтады да отыра қалып «Есікті жабады». Енді сыртта қалып қойған бала бәрін қайталап орындайды. Ойын осылай созыла береді.
82. Мияу, мияу
Топтағы ойыншылардың бірінің көзін байлап, қолына таяқ береді. Қалғандары оны айнала қол ұстасып шеңбер бойымен айналады. Көзі байлаулы бала айнала жүргендерге «Тоқта!» дегенде барлығы тоқтай қалады. Көзі байлаулы бала, айнала тұрғандардың бірін таяқпен ақырын түртеді. Түрткен қалпында ол өзі «ду-ду, гу-гу, су-су» деп дыбыс береді. Таяқ тиіп тұрған бала «миау, миау» деп жауап қайтарады. Көзі байланған бала жауап қайтарған кім екенін табуы қажет, тани алмаса көзін байлаған бала сол қалпында қалып, ойын ары қарай жалғасады. Қашан тапқанда барып орын алмастырады. Таба алмаса ойыншылардың талабын орындайды.
83. Мыршым
Ойынға қатысушылар бір адамды іздеуші етіп тағайындайды да, оны топтан бес-алты қадам қашыққа барып теріс қарап тұруын сұрайды. Осыдан кейін қалған ойыншылардың бірінің аузына кішкене құрт, кәмпит, немесе тиын салып қояды. Іздеушіні шақырып алған кезде, барлық ойынға қатысушылар «мыршым-мыршым» деген сөзді үздіксіз қайталап айтулары тиіс. Іздеуші кімнің аузында заттың тұрғанын табуы керек. Ол үшін іздеуші әркімнің қасына барып тыңдап тұруына болады. Егер тапса, аузына құрт жасырған адам іздеуші болады, таба алмаса өзі өнер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет