Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет72/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

113. Шертпегімді тап ойыны
«Шертпек» алу балалар арасында жиі ойналатын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де, кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп, көзі басылған ойыншының маңдайынан, не болмаса басқа бір жерінен шертіп кетеді. Сонан соң ол қайтадан орнына барып немесе басқалармен орын ауыстырып отырады. Жүргізуші қолын қоя беріп «Шертпегімді тез тап» деп, иығындағы орамалды алып, отырған ойыншының арқасынан ұра бастайды. Ал ойыншы таяқты көп жемеу үшін тезірек айтуы керек. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, жыр жырлайды, күй тартады. Егер тауып алса, шерткен адам ортаға шығып өнерді сол көрсетеді. Осы тәртіппен ойын жалғаса береді.
114. Инемді тап
Ойынға қатысушыларға шек қойылмайды. Ойынға бұл ойынды бұрында ойнамаған, білмейтін адам таңдалып алынады. Қалғандары көруші болып жеке топталып отырады. Жүргізуші мұндай ойынды көрмеген адамға, сен мына инені үстіңе жасыр, мен оны иіскеп табамын, деп көндіріп, өзі далаға шығып, бөркінің төбесіне күйе жағады. Үйге кірген соң енді мен сендегі инемді иіскеп табамын, деп ине жасырған адамның ол жерін, бұл жерін иіскелейді де, біраздан соң таптым, жағада екен деп, жағасын екі қолымен ұстап тұрып, білдірмей иіскеген болып, бетіне төбесіндегі күйені жаға береді. Үй іші, көрушілер қыран-топан күледі. Ине тыққан адам қарсыласының инені таппағанына мәз болып, ол да күледі. Ал отырған топ оның бетіне күйе жағылып, қап-қара болғанына күліп, мәз болып, көңілдері көтеріледі.
115. Айдап сал
Ойынды қыс айларында ойнаған тиімді. Ойынға қатысушыларға шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың ойыншыларын далаға суыққа шығарып жібереді де, екінші топтағыларды үйде қалдырады. Ойын жүргізуші сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандардың әрбіреуіне қойып, өзі белгілеп алады. Ойын жүргізуші сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақырып, кірген ойыншыдан оның есімі кімге қойылғандығын табуын талап етеді. Даладан кірген ойыншы үйдегі ойнаушылардың біреуін ғана көрсетіп өз есімімен аталған ойыншыны табуы керек. Егер таба алмаса, онда айыптылар орнына барып отырады. Осылайша сыртта тұрған ойыншылар жеке-жеке кіріп, өз есімдері қойылған адамды іздеп болғаннан кейін, аты белгілеген адамын дұрыс таппағандар айып тартады. Ал өз есімін тапқандар сол ойыншының қасына барып отырады. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді т.б. ұйғарымдарды орындайды. Осылайша ойын жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет