Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет73/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

116. «Қарамырза»
Ойыншылар қатарласып отырады. Ойын басталмас бұрын белгіленген ереже хабарланып қояды. Біраз уақыттан соң жүргізуші ойыншыларға «ойнаймыз» дейді. Барлығы «ойнаймыз» деп қайталайды. Қатар отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалайкүм, қара мырза!» – деп қалады. Сәлем алушы «Уағалайкумассалам», – дейді. Ал ойын тәртібі бойынша «Уағалайкумассалам, бірінші қара мырза», – деп жауап беруі керек еді. Олай қателесіп рет санды дұрыс атамаған адам жазаланады да, айып тартады.
Осылай шатастыру үшін қатар отырғандар бірін-біріне түрлі әңгімелерді араластыра отырып сәлемді аяқ астынан беріп қалады. Әр амандасу сайын қара мырзалардың саны екінші, үшінші, төртінші, т. б. болып көбейе береді, ал жауап берушілер «қара мырзалар» санынан жаңылмаулары керек.
Сөйтіп, аздан соң ойнаушылар дұрыс жауап бергендер – «дұрыстар» да, дұрыс жауап бермегендер – «бұрыстар» болып екі топқа бөлінеді. Содан «дұрыстар» «бұрыстарға» жаза белгілейді. Осылайша ойын қайта басталады.
117. Белбеу тастау
Ойнаушылар тең болып, екі топқа бөлінеді де, арасы 15–20 қадамдай екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Жүргізуші бірінші топтың ойыншыларының біреуіне орамал береді. Ол барып екінші топтың ойыншыларының артқы жағынан жүгіріп өтеді де, өзіне ұнаған бір ойыншының артына орамалын қалдырып өзі орнына жүгіреді. Орамалды алған ойыншы қуып жетіп ұрса, онда қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал қуып жетіп соға алмаса, онда сол қарсыластар тобында қалады. Екінші кезек екінші топтың ойыншысына беріледі. Осылай ойын барлық ойнаушы орамалды бір-бір реттен тастап шыққанша жалғаса береді.
118. Сақина жасыру
Ойынға жиналғандар дөңгелене отырады. Ойыншылар араларынан қырындап бір кісі өтетіндей қашықтықта отырады. Ойыншылар екі алақандарын бір-біріне қапсыра ұстап отырады. Ойын жүргізуші ортаға шығып алақандарын қапсыра созып отырған ойыншылардың екі алақанының арасына сақинаны тастауды бастайды. Жүргізуші кімге сақинаны тастайды оның өз еркі, сақинаны кімге тастағанын басқалар сезбеуі керек. Сақина алған ойыншы да алғанын білдірмеуі қажет. Жүргізуші бәріне «сақинаны тастап» болған соң ортаға тұрып, «сақинамды бер» деп дауыстайды. Осы сәтте сақинаны алған ойыншы «менде» деп орнынан жылдам тұруы керек. Ал әрбір ойыншы өзінің оң жағындағы отырған көршісі үшін жауап береді. Сондықтан сақина кімде болса соны жылдам ұстап, орнынан тұрғызбауға тырысады. Егер сақинаны алған ойыншы ұстатпай тұрып кетсе, өзін ұстай алмаған ойыншыға қалағанын орындауға мүмкіндік алады, ал ұсталып қалса, керісінше болады. Тапсырма орындалып болғаннан кейін жүргізуші ойынды қайта бастайды.
119. Тымақ ұру
Ойынға балалар «шыбық аттарын мініп» шығады. Алдын ала көмбеден 20-30 қадамдай жерге биіктігі 1-2 болатындай қазық қағылып, басына кезегі келген ойыншының бас киімі ілінеді. Ойыншы «атына мініп» қолына қамшысын алады. Ойын жүргізуші оның көзін орамалмен байлап, бас киім кигізілген қазыққа бағыттап қоя береді. Көзі байланған ойыншы шауып барып қазықтағы өз бас киімін қамшымен ұрып түсіріп алуы керек. Қамшысын дәл ұрып тигізсе бас киімін алады, ал тигізе алмаса ойыншылардың талаптарын орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет