Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет115/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

212. Орын ауыстыру.
Ойыншылар саны:10-20 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Ойынға дайындық: ойыншылар екі топқа бөлініп, алаңның екі бетіндегі сызыққа жүрелей отырып, екі қолын тізеге қойып, бір-бірлеріне қарама-қарсы қатарға тұрады.
Ойын мазмұны: жетекші белгісімен барлық ойыншылар отырып, алға жылдам секіріп келесі беттегі сызыққа барулары тиіс. Қарсы беттегі сызыққа қай топ ойыншылары бұрын жетсе, сол топ ойыншылары жеңіске жетеді. Келесі қайта секіруде ең соңында қалып қойған ойыншылар ойыннан шығып отырады. Ойын ең шыдамды секіргіш екі ойыншы қалғанша жалғасады. Жеңген топ алаңда қалған ойыншылардың соңына қарап анықталады. Ойынды жарыс түрінде ең үздік секірген ойыншы анықталғанша жүргізуге болады.
Ойын ережесі: қарсы беттегі сызықтан міндетті түрде секіріп өту керек; тұрып кетуге болмайды; ойын тек жетекшінің белгісімен басталып, аяқталады. Ойынның педагогикалық маңызы: ойыншылардың шыдамдылық, шапшаңдық дене қабілеттерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелейді.
213. Секіртпе жіп
Ойыншылар саны: 10-25 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: баған, ұзындығы 2 м жіп.
Ойынға дайындық: ойыншылар теңдей топқа бөлініп, қашықтықты сақтап лек құрып тұрады. Қатарда тұрған ойыншылардың арасы бір метрден кем болмауы тиіс. Әрбір қатардың алдына 8 м қашықтықта баған қойылады. Лектің алдында тұрған ойыншылар секіртпе жіп алады.
Ойын мазмұны: жетекші белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншы секіртпемен секіріп жүріп, алдында тұрған бағанды айналып өтіп, өз орнына келеді де екінші тұрған ойыншыға секіртпенің бір ұшын береді. Екеуі секіртпенің екі ұшынан тартып ұстап, лектегі тұрған ойыншылардың аяқтарының астынан өткізе соңына қарай жүгіреді. Лектегі ойыншылар секіртпеден секіріп отырулары тиіс. Бірінші жүгірген ойыншы лектің соңында қалады да, екінші ойыншы секіртпемен секіріп жүріп, бағанды айналып, келесі ойыншымен ойынды жалғастырады. Ойын барлық ойыншылар секіртпемен жүгіріп болғанша жалғасады. Қашан ойынды бастаған бірінші ойыншыға секіртпе келгенде, ол қолын жоғары көтеріп ойынның аяқталғандығы туралы белгі береді. Ойынды қатесіз, бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
Ойын ережесі: әрбір ойыншы секіртпемен бағанды айналуы қажет; егер екі ойыншының бірі секіртпенің ұшын босатып алса, ойынды сол жерден қайта бастау керек.
Ойынның педагогикалық маңызы: ойын, оқушылардың шапшаңдық дене қабілетін дамытып, биік секіруге, ұйымшылдыққа, достыққа, тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет