Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет119/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

222. Арынды арқан
Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға ұзындығы 2-3 метрдей арқан керек. Ойнаушылар дөңгелене шеңбер бойына тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар жүргізуші топ ортасына шығады да, «Ойынды бастадым», – деп дауыстайды. Содан арқанның түйілмеген басынан ұстап, шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса, орындарында секіріп тұрып арқанды баспай аяқтарының астына өткізіп жібере береді. Кімде-кім арқанды аяғының астынан жібере алмай басып ұстап қалса, сол ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді немесе ойын жүргізушімен орнын ауыстарады. Ойын жалғаса береді.
Ойынның басқа түрінде секіре алмай арқанды ұстап қалған ойыншылар ойыннан шығып отырады, сөйтіп бір ойыншы қалғанша арқанды айналдыра береді. Осылайша соңында қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.
223. Жаяу қуалау
Қатысушылар санына шек қойылмайды. Ойынға орамал және екі жалауша керек. Ойын алаңына 15-20 м қашықтықта көлденең 5 метрлік сызық сызылады, сызықтың екі шетіне жалаушалар қойылады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп сызылған көлденең сызыққа қарама-қарсы араларын алшақтатып тізбектеліп тұрады, әр топ өз басшыларын сайлайды.
Әр топ өздеріне ұнайтын ат таңдап алады. Мысалы, “Қаршыға” және “Бүркіт”. “Қаршыға” басшысы орамалды алады. Белгі бойынша тізбектің басында бірінші болып тұрған ойыншылар өздерінің қарсысына тігілген жалаушаларына қарай жүгіреді. “Қаршығаның” тапсырмасы өз жалаушасының түбіне орамалды тастап, жалаушаны айналып артқа өз тобына қарай жүгіріп келу. “Бүркіттің” тапсырмасы – жалаушаға дейін жүгіріп келіп, тасталған орамалды қолға алып және кері жүгіру барысында “Қаршығаны” қуып жетіп, оны орамалмен соғу. “Бүркіт” жете алмаса, жылдамдығын түсірмей орамалды келесі өз тобындағы жолдасына береді. Ойынды орындарымен ауыстырып бірнеше рет қайталап ойнайды. Қай топта орамалмен қуып жетіп соққан ойыншы көп болса, солар жеңіске жетеді.
224. Түйілген орамал
Ойынға қатысушылар алаң ортасында топталып тұрады. Ойын жүргізуші бір ойыншыны әрбірінің бір мезгілде көрсеткен саусақтарын қосу арқылы ең соңғы сан кімге келсе, соны қуушы етіп тағайындайды, ол топталып тұрған ойыншылардан 5-10 қадам аулақта тұрады. Ойын жүргізуші барлық ойыншылардың ортасында тұрып қолындағы орамалды бір, екі, үш деп дауыстап, аспанға әуелетіп жоғары лақтырады, маңайында тұрғандар орамалды жерге түсірмей біреуі ұстап алған кезде басқалары жан-жаққа тез бытырап кетеді. Ал осы кезде қуушы қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды, мақсаты оны ұстап, орамалды алу. Қуғыншы жете бергенде ойыншы қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады, орамалды жерге түсірмей қағып алған ойыншы, оны келесі ойыншыға лақтырады. Осылайша қуушы, қашан орамалды алғанша ойын жалғаса береді. Орамалмен ұсталған ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер көрсетеді. Одан соң ойын жүргізушіні ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойын жастардың таза ауада демалуына көмектеседі, денсаулықтарын жақсартып, денелерін сомдайды, ұйымшылыққа үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет