139. Тұзақ құру
Халық тіршілігіне байланысты қалыптасқан ойындардың бірі – «Тұзақ құру» ойыны. Балалардың жасына сай өзгеріп, өңделіп отырады. Үлкендердің аң аулап, құс ұстау әдісіне салып балалар мұны ойын ретінде де қолданып үйренеді. Тұзақ аттың құйрық қылынан есіп жасалады. Тұзақ құру шілдің жолына, суырдың, қосаяқтың, сасық күзеннің, әртүрлі тышқандардың інінің аузына құрылады. Өзен жағалауларында тұратын елді мекендердің балалары осы күнге дейін тұзақпен балық ұстайды.
140. Қуыр-қуыр қуырмаш (1 нұсқа)
Қуыр-қуыр-қуырмаш – ұлттық ойын. Көбінесе бүлдіршін балалар ойнайды. Бұл ойын, алдымен, шабан қимылдайтын бүлдіршіндердің қимылын тездетуге септігін тигізеді, тілін жаттықтырады, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі. Ұяң, жасқаншақ балаларды топтасып жұмыс істеуге дағдыландырады, балалардыың мінез-құлқын шыңдайды. Ел арасында бұл ойынның тараған нұсқалары өте көп, біз баспа беттерінен интернет парақшаларынан алынған бірнеше нұсқаларын беріп отырмыз.
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш!
Мынау тұрған бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
Алақанның тұңғышы
Болсын осы жылқышы.
Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.
Ортан терек – ұзыны,
Түйе бақсын, қызығып!
Шылдыр шүмек – бұл саусақ,
Қой бағуды тұр аңсап.
Титтей бөбек – шынашақ,
Сен дайында жер ошақ.
Білекке енді барайық,
Онда не бар табайық:
Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар.
Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.
Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа!
Қытық, қытық, қызық-ай,
Міне, өрік, міне, май!
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Бидай салам, қолыңды аш.
Төгіп алмай, күлем деп,
Балапанға барып шаш!
Қуыр-қуыр қуырмаш (2 нұсқа)
Қуыр, қуыр, қуырмаш, Қуыр, қуыр қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкентай бөбек...осылай басталатын санамақ бәріміздің есімізде шығар. «Мына жерде май бар, мына жерде шай бар....мына жерде қытық бар» деп сәбиді күлдіреді. Бір жасқа толатын баламды осылай күлдіріп отырып, бабаларымыздың бұл санамақты бекер шығармағанын түсіндім. Сөйтсем, бұл тұнып тұрған тәрбие екен ғой. Ең әуелі, денсаулыққа пайдалы. Адамның саусақтарында және алақанында ішкі ағзалардың нүктелері орналасқанын білеміз. Саусағымызбен сәби алақанына жеңіл массаж жасап, саусақтарын кезекпен бүгіп-ашып жаттықтырамыз. Тек, жаттықтырып қана қоймай, оған саусақ атауларын, төрт түлікті, күнделікті өмірде қолданылатын тағам, зат атауларын құлағына сіңіріп, ең соңында мәз қылып күлдіреміз. Бала негізі ойнап отырып үйренсе, есінде жақсы сақталады. Әрине, бұл менің ашқан бір жаңалығым емес. Бәріміз де білетін нәрсе. Тек, соны ұтымды пайдалана білейік. Ал мынау сіздерге ұсынған жаңа «Қуырмаштар». Қуыр, қуыр, қуырмаш, Қане, балам, көңіл аш. Бас бармағың атаң, Құрметте оны, ботам. Балан үйрек апаң, Еркелегін, ботам. Ортан терек әкең, Әкеңдей бол бекем. Шылдыр шүмек анаң, Сыйла оны, балам. Кішкентай бөбек өзің, Қуанатын көзім. Мына жерде атасы бар, Мына жерде апасы бар, Мына жерде әкесі бар, Мына жерде анасы бар, Мына жерде өзі бар, Мына жерде күлкінің көзі бар. Қуыр, қуыр, қуырмаш, Дастарханда дәмді ас. Бас бармағың су екен, Суы бар жер ну екен. Балан үйрек нан екен, Дастарханның сәні екен. Ортан терек сүт екен, Сүт бар жерде құт мекен. Шылдыр шүмек ет екен. Пайдасы оның көп екен. Кішкене бөбек бал екен, Балдай тәтті бала екен. Мына жерде су бар, Мына жерде нан бар, Мына жерде сүт бар, Мына жерде ет бар, Мына жерде бал бар, Мына жерде күлетін ән бар. Балапандарымыз аман болсын!
Қуырмаш (3 нұсқа)
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш!
Мынау тұрған бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
Алақанның тұңғышы
Болсын осы жылқышы.
Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.
Ортан терек – ұзыны,
Түйе бақсын, қызығып!
Шылдыр шүмек – бұл саусақ,
Қой бағуды тұр аңсап.
Титтей бөбек – шынашақ,
Сен дайында жер ошақ.
Білекке енді барайық,
Онда не бар табайық:
Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар.
Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.
Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа!
Қытық, қытық, қызық-ай,
Міне, өрік, міне, май!
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Бидай салам, қолыңды аш.
Төгіп алмай, күлем деп,
Балапанға барып шаш!
Қуырмаш (4 нұсқа)
1. Кел ойнайық балақан
Бүкті міне алақан
Он саусағы түйісті
Басын қосып үйісті
Ортан қолым бір белес
Артқы жағы ергелес
Шумақтарым жұп-жұмыр
Жұдырығым жұп-жұмыр
Қ-сы: Қуыр-қуыр қуырмаш
Балақанға бидай шаш
Ай-ай балақан
Жамандықтан қаш.
2. Қане санап шығайық
Екі қолды алайық
Алайық бас бармақты
Сұқ саусағың салмақты
Тапшы оң мен солыңды
Тапшы ортаң қолыңды
Тапсаң ұнай қаласың
Олжалы боп қаласың.
Достарыңызбен бөлісу: |