Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет78/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

133. Тоқым қағар
«Тоқым қағар», ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар» ойынын өткізеді. Әдетте ауыл адамдары ән, күй, айтыс секілді өнер түрлерін айта отырып, көбінесе, үй иесіне жолаушының оң сапарда болуын, қыздың бақытқа жетуін тілейтін жақсы тілектер айта отырып, ән-жыр айтылып, әртүрлі ойындар ұйымдастырады.
134. Түйілген шыт
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға ортасынан бір-екі рет түйілген орамал, болмаса шыт керек. Ойынды ымыртта немесе іңір қараңғысында да ойнауға болады. Қара көлеңкеде көрнекті болуы үшін ойынға ақ орамал қолданылады. Ойнаушылар өзара келісіп, араларынан біреуін, ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Ойын жүргізуші ойнаушыларды маңайына шақырып алады да, өзін қоршап түрғандарға қарап бір, екі, үш деп дауыстайды да, түйілген орамалды аспандата жоғары лақтырып жібереді. Осы кезде қоршап тұрған ойыншылардың бірі лақтырылған орамалды қағып алып жүгіре жөнеледі. Осы кезде барлық ойыншылар жан-жаққа тез бытырап кетеді. Ал жүргізуші, қолында түйілген орамалы бар ойыншыны қуалайды, мақсаты: оны ұстап, орамалды алу.
Орамалды алған ойыншы қуғыншы жете бергенде қолындағы орамалды қатарласа берген басқа ойыншыға лақтырады, орамалды қағып алған ойыншы оны келесі ойыншыға лақтырады. Осылайша жүргізуші қашан орамалды ұстап алғанша ойын жалғаса береді. Ұсталған ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруы бойынша өнер көрсетеді. Өнер көрсету аяқталғаннан кейін, түйілген орамалды ұсталғанның өзі қуалайды, яғни ойын жүргізушіні ауыстырады, ойын осылай жалғаса береді.
Бұл ойын жастардың таза ауада демалуларын, денсаулықтарын жақсартып, денелерін шынықтырумен бірге, оларды бірігіп ұйымдаса білуге үйретеді, білгендерін ортаға салуға баулиды, бос уақыттарын пайдалы өткізуге көмектеседі.
135. «Бастаңғы»
Қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, «Бастаңғы» жасайды. “Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай бас қосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, “шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады” деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әртүрлі өнерлерін ортаға салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет