Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет142/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

304. Саусақ жасыру
Ойын қолдың ортаңғы саусағын табуға негізделген. Екі немесе бірнеше ойыншылар алдымен кім саусағын жасырушы болатынын келісіп алады. Саусақ жасырушы басқа ойыншыларға көрсетпей бес саусағының орындарын саусақтарды майыстырып ауыстыру арқылы ортаңғы саусағын жасырады. Жасырылған қолсаусақтарының сыртынан келесі қолдың алақанымен саусақтардың тек ұштары көрінетіндей етіп орай ұстап көрсетеді. Саусақ табушы ойыншы ұштары ғана көрініп тұрған саусақтардың ішінен ортаңғы саусақ деп белгілеген саусақтың ұшынан шымши ұстай «осы» деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер ортаңғы саусақты дәл тапса, жасырған баламен орын ауыстырып, өзі саусақ жасырады. Егерде табу дәл болмаса, онда таба алмаған ойыншыдан шертпек алынады, немесе дәл таба алмаған балаға айып ретінде өлең, тақпақ айтқызып немесе басқадай тапсырмалар орындау бұйырылады.
305. Байқап қал!
Бұл ойынға екі топтың балалары қатысады. Топ басшылары стол үстіне 15-20 ұсақ нәрселерді (калам, ойыншық т. б.) қойып бетін шүберекпен жабады. Екі жақтың топ басқарушылары өзгелерге көрсетпей стол үстіндегі заттардың тізімін жазып алады да, басқа топ балаларына 10-15 секунд заттарға қарауға уақыт береді де, оларға көрген нәрсенің тізімін жазып келуді тапсырады. Қай топтың балалары стол үстіндегі көрген нәрселердің түрін дұрыс және көп жазып келсе, сол топ ұтқан болып саналады.
306. «Жігі-жігі балдай»
Аяғын басып жүре бастаған баладан бастап 4-5 жасқа дейінгі балаларды жылдам жүгіртуге арналған ермек ойынның бірі «Жігі-жігі балдай» деп аталады. Оны ойнау үшін баланың бір қолынан үлкен адам ұстаған бойда, өзінің тұрған жерінен шеңбер бойымен баланы жылдамдата жүгірте бастайды осы кезде өзі де, бала да «Жігі-жігі балдай» деп дауыстап айтады. Баланы біраз оңға қарай жүгірткен соң, ұстаған қолын ауыстырып кері қарай жүгіртеді. Жылдам жүгіру барысында баланың аяғын жерден көтере де айландыруға болады.
307. Аяқ басу
Ермек ойындардың бірі – «Аяқ басу». Балалар екі-екіден бөлініп алып бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бірінің аяғын бірі басуға әрекеттенеді. Аяқты басу үшін жылдам қозғалып, епті болу қажет, олай болмаған жағдайда өзіңнің аяғыңды қарсыласың басып үлгеруі мүмкін. Аяқты басу кезінде секіру, бұрылу, аттау сияқты қимылдарды тез орындау қажет. Келісім бойынша екі бала бір-бірінің қолдарынан ұстап тұруларына да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет