Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет139/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

290. Алақан қысу
Алақан қысу ойыны адамдар арасында бір-бірінің қол саусақтарының күшін сынау мақсатында ойналатын ермек түрі болып саналады. Алақан қысуды оң қол мен оң қол, сол қолмен сол қол саусақтарын қысу арқылы орындайды. Қысу кезінде күш пен шыдамдылық сыналады.
291. Қозы ұстау
Қазақ халқының мал бағу шаруашылығына қажеттіліктен туындаған малды ұстау, бұғалықтау, байлау шеберлігін меңгеру арнайы машықтануды қажет етеді. Соның бірі – қозы ұстау. Қозыны жылдам ұстап алу, қой төлдеп қозыны жетілдіру, емізу, енесіне табыстыру, адасқан қозыны ұстап әкелу сияқты кездерде өте қажет. Қозыны ұстау барысында оған байқатпай жақындау, ұстайтын қозының басқа қозылардың немесе қойлардың қай жағында болуын есептеу, байқатпай елеусіз қозының артынан келу, қозының артқы аяғынан дәл ұстай білу, күн сәулесінің түсу жағын бағдарлау, жел жақтан келмеу сияқты қозының сезімталдығын төмендететін жағдайлардың барлығын ескеріп барып әрекет ету, ұстаудың сәтті болуына жол ашады. Қозы ұстаушылардың арасында да мақтауға тұратын епті ұстаушылардың бар болуы, жақсы қаблеттілікке бағаланады. Қажет болғанда қозы ұстаудан өзара жарысып отыру да ұйымдастырылады, ол адам шеберлігін көрсету болып табылады.
292. Қошқар сүзістіру
Қой бағу кезінде отар ішінде жүрген қошқарлардың бір-бірімен сүзісіп жатқандарын байқауға болады. Қазақ балалары ермек ретінде уақыт өткізбекке бір-бірімен бәске келіп, мал ішіндегі қошқарларды, кей жағдайда басқа отардағы қошқарды арнайы айдап әкеліп бір-бірімен сүзістіріп ермек етеді. Қошқарларды сүзістіру үшін бір-біріне қарсы қойып, бастарын түйістіріп итерген кезде қошқарлар бір-бірімен сүзісіп кету жағдайлары жиі болады.
293. Қай қолымда?
Ойын екі адам арасында ойналады. Қол уысы қуысына сиятындай жасыруға қолайлы бір зат таңдалып алынып, екі қолдың біріне жасырып, қолдарын артқа ұстаған бойда «Қай қолымда?» – деп жасырған адам сұрайды. Затты табушы адам «оң қолыңда немесе сол қолыңда» деп өзінің қалаған қолын көрсетеді. Затты жасырушы адам екі қолын алдыға созып затты іздеушінің айтқан қолының алақанын жазып көрсетеді. Егерде жасырған зат табылса, ойыншылар орын ауыстырады, ал таба алмаса жасырушы қайтадан жасырады, ойын жасырған зат табылғанша жалғаса береді. Бұл ойынды кезек алу үшін немесе талас болған жағдайдың шешімі үшін де қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет