Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет223/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

297. Қарын тірестіру
Бұл ермек ойынды көбіне той-томалақта қызық үшін ойнайды. Ол үшін екі кісіні ортаға шығарып, сыртынан олардың еркін қозғалуларына жететіндей шеңбер сызады. Ойыншылар ортаға шығып, екі қолдарын арттарына ұстаған күйде тек қарындарымен итерісулері арқылы бір-бірін шеңбер сыртына шығарулары ойын шарты болып саналады. Ойыншыларды таңдау кезінде қарындары үлкен, алға салбырап шыққан адамдарды алған қызықты болады.
298. Су астынан зат алу
Ойын суы терең келген өзен, көлдерде ойналады. Ойын шарты бойынша арнайы суға жылдам бататын затты алдымен ойыншыларға көрсетіп барып, артынан суға лақтырады. Ойынға қатысушылар сүңгіп барып сол затты судан алып шығулары қажет. Суға лақтырылған заттар бірнешеу болуы да ықтимал. Кім сүңгіп барып затты тауып судан алып шықса немесе кім көп затты тапса сол жеңімпаз болады. Ойынды күрделендіру мақсатында ойыншыларға заттың қай жерге түскенін көрсетпей лақтыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет