Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет59/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

50. «Судыр-судыр»
Зерде атай:
– Шыңдайтұғын ойыңды,
Ойынның көп түрлері.
Баланың әр ойыны,
Артық болмас білгені.
Ортаға шық біреуің,
Кане, кәне бөгелме!
Басталады бұл ойын,
«Судыр-судыр» дегенде.
Шеңбер құрып қалғаның,
Отырыңдар еденге.
Орамалды алғаның,
Жылжыт әрі, бөгелме!
Тисе орамал қолыңа,
Абайлатпай жасырын,
Жылжыт оң мен солыңа,
Қолына жеткіз жақынның.
Ортадағы балаға,
Орамалды табу-сын.
Іздемесе бола ма?
Ал, іздесін сабылсын.
Түсе алмаса «ізге» дөп,
Орамалды ал қолыңа
«Айда, судыр, ізде», – деп,
Тартып жібер жонына.
Қайталама қол безеп,
Қызбаланба,
Өршіме.
Орамалды сол мезет
Жасыр, жылжыт көршіңе.
Ойын басталды:
Балалар:
«Судыр-судыр» судырақ,
Кетіп ағып су жырақ.
Сусып кетті орамал,
Табар оны кім бірақ?!
Ортадағы бала:
«Судыр-судыр» дегенің,
Сылдыр қаққан өзенім.
Сусып кетсе орамал,
Тауып берем мен өзім.
Ескерту:
«Айдар, судыр», – деп,
Тартсаң жонға,
Үлгер тек!
Іздеушіден епті бол,
Орамалды ілдірме!
Егер сәтте тап беріп,
Іздеушіміз шап беріп,
Түссе сусып орамал,
Ұтылғаның,
Жоқ амал.
Өтеу міндет кінәсін,
Ортаға өзің шығасың.
Іздеуші боп тұрасың,
Ептілігің сыналсын.
51. Бала балуан
Қазақтар балаларын күреске ерте жастан баулып, оларды далада ойын барысында немесе арнайы бір-бірімен күрестіріп тамашалап отырады. Ауыл тойларында, мейрамдарда немесе арнайы жарыстарда жас балаларды балуандық өнерге үйретіп күрестіріп мадақтап отырады. Бала балуандар арасында күресу салмақ немесе жас ерекшеліктеріне қарамай батылы жеткендер бір-бірімен күресе береді. Күрес орны жұмсақ төсеніштермен жабдықталады немесе құмды, көкмайса шөп өскен жұмсақ жерлерде өткізіледі. Жарақат алмау жағдайлары қатаң сақталады. Бала балуандар алдымен денелерін қыздырынуы үшін денеден, киімнен ұстау түрлерін, бұрылу, айналу түрлерін, құлау, домалауларды орындайды, соңынан өздері бір-бірімен күресіп «өнерлерін» көрсетеді.
Күресуге шыққан балаларды үлкендер "сен мықтысың", "сен батырсың", "жығылсаң жер көтереді", "сен болашақта балуан боласың, батыл бол!" деп қолдап жігерлендіріп отырады. Жығылған баланы жасытпай "дайындал, шынық, келешекте жығасың деп" арқасынан қағып мадақтап жасытпай шығарып салады.
Балаларды күрестіру барысында көптеген ойындар түрлерін ұсынуға да болады, мысалы: а) шеңберден итеріп шығару, белдіктерінен ұстасу арқылы ортаңғы сызықтан өз жағына тартып алу, жоғары көтеріп алу т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет