54. Шалма тастау Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе қу томар т.б. жіп оралатындай заттар таңдар алынады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алып арқанды дәлдеп қазыққа не томарлы бұтаққа лақтырады. Шалма тастау жылқы т.б. малдарды ұстау үшін халық арасында кеңінен қолданылады.
Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес рет қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.