52 Қол күрес (Білек сынасу) Ойынға қол күшін сынағысы келген барлық адамдар қатыса алады. Адамдар еріктерімен қарсыластарын өздері таңдап алады. Қазіргі кезде қол күресінен жеке спорт түрі ретінде жарыстар өткізіліп, спортшылар жас және салмақ дәрежелеріне бөлінеді. Екі адам оң немесе сол қолдарының шынтағын столға, жерге тіреп бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Екінші бос қолдарын еш жерге тіремей, немесе келісім бойынша бір заттан ұстайды. Ойын бастаушы белгісі бойынша ойыншылар алақандарымен ұстасқан қолдарының шыңтақтарын орнынан қозғамай, жерден көтермей қарсыласының ұстаған алақанының сыртын жерге тигізіп жығуы қажет. Қол күресі оң және сол қолдары күштерін бірнеше рет сынап күрестіреді.