144. Сырықпен секіру Сырықпен секіру ежелден келе жатқан ойын түрі. Ойынға ұзындығы адамның өз бойынан ұзындау келген сырық ағашы қажет. Ойын мақсаты сырықты жерге тіреу арқылы неғұрлым алға алысқа секіру. Секіруді кең арықтан секіру, биік кедергілерден секіру, жазық жерде ұзындыққа секіру сияқты түрлерін ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар ұзын сырықтың бойымен жоғары өрмелеуді, сырықтың құлағанына дейін орындау сияқты түрлендіріп өткізуге де болады. Ойын адам күшін, батылдығын, ептілігін тәрбиелейді. Сырықты пайдалану арқылы кедергілерден өтуге үйретеді.