Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет162/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

202. Орамал лақтыру
Ойыншылар саны: 10-30 адам. Ойынның мақсаты: жүгіріп жүргенде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар: ортасынан түйілген орамал және ысқырық.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Ойынға дайындық: шеттері белгіленген ойын алаңында ойыншылар өз беттерімен жаттығулар жасап, бірін-бірі қуалап, жүгіріп ойнап жүреді. Балалардың қалауымен араларынан бір ойын жүргізуші сайланады.
Ойын мазмұны: Жүргізуші өз қолына түйілген орамалды алып, алыста тұрған бір балаға лақтырып жіберіп, өзі дауыстап бір, екі, үш деп санап орамалды алған ойыншыны қуа жөнеледі. Орамалды алған бала ойын жүргізуші қасына жақындап қалғанда қолындағы орамалын басқа адамға лақтырып жібереді. Егерде орамалды лақтырып үлгере алмай ұсталып қалса, орамалды ойын жүргізуші алып қойса, ұсталған ойыншы жүргізуші болып, орамалды басқа ойыншыға лақтырып ойынды әрі жалғастырады. Ойын берілген уақыт арасында жүргізіліп, кімдер орамалды аз уақытта көп рет біріне бірі лақтырса, қай қуғыншының тез ұстап алғанын атап өтеді.
Ойынның ережесі: алаңның шетінен шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады; орамалды лақтырғанда баланың атын айтып лақтыру қажет; орамалды қағып ала алмай қалған бала орамалды басқа балаға береді; қашып келе жатқан баланы ойын жүргізуші қуып жетсе, ол орамалды беруі керек.
Әдістемелік нұсқау: ойыншылар орамалды ұстамағанның өзінде жүгіріп, ойнап жүруіне болады. Ол үшін орамал тек жүгіріп келе жатқан ойыншыға беріледі деп айтып қою керек. Орамалдың орнына басқа затты алуға болмайды.
Ойынның педагогикалық маңызы: балалар өздерінің шамаларына қарай керегінше жүгіріп, жаттығуларды да өз еріктерімен орындайды. Жаттығу мен тынығуды өздері белгілеп, орындауға үйренеді. Жүгіріп жүріп айналаны тез бағдарлап, өз қимылын соған байланысты сәйкестендіруге дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет