209. Түлкі мен тауық. Ойыншылар саны: 10-30 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындықтар.
Ойынға дайындық: залдың ортасына гимнастикалық орындықтар қатарластырып қойылады. Ойыншылар арасынан 2-3 «түлкі», бір аңшы сайланады. Қалған ойыншылар «тауықтар» болады. Алаңның бір бұрышына «түлкінің» үйі, екінші бұрышына аңшының үйі сызылады.
Ойын мазмұны: белгі берілгенде «тауықтар» орындық үстінен түсіп жайыла бастайды. Екінші белгі берілгенде «түлкі» қалаған «тауығын» ұстап алып, үйіне алып кетеді. Егер жолда оған аңшы кездессе «түлкі», «тауықты» жібере салып өз үйіне қашуы керек. Босанған «тауық» қайта «тауықтарға» қосылады. «Тауықтар» екінші белгі берілгенде жүгіріп орындық үстіне шығып үлгерулері керек. Егер аңшы «түлкіні» ұстап алса, жаңа «түлкі» сайланады. Ойын біраз ойналғаннан кейін мүлде ұсталмаған ойыншы анықталады.
Ойын ережесі: түлкі тек бір тауықты ғана ұстауына рұқсат етіледі.