Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет168/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

208. Бақшадағы қояндар.
Ойыншылар саны: 10-30 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Ойынға дайындық: алаңның ортасына 3-4 метр болатын кіші шеңбер оның сыртына диаметрі 6-9 метр болатын үлкен шеңбер сызылады. Бір ойыншы қарауыл болып сайланып, кіші шеңбер ортасына тұрады. Кіші шеңбер іші «бақша» болып есептеледі. Қалған ойыншылар «қояндар» болады, олар үлкен шеңбердің бойында орналасады.
Ойын мазмұны: белгі бойынша «қояндар» қос аяқпен секіріп, кіші шеңберге кіре бастайды. Қарауыл бақшаға кірген қояндарға қолын тигізіп ұстап алуы керек.
Ұсталған қояндар ойыннан шығып тұрады. Ұсталған қояндардың саны бес-алтыға жеткенде ұсталмаған қояндардың арасынан жаңа қарауыл сайланып, ойын жаңадан басталады.
Ұсталмаған «қоян» мен аз уақытта көп «қоян» ұстаған қарауыл ең үздік ойыншы болып есептеледі.
Ойын ережесі: қарауыл қояндарды бақша ішінде жүргенде және үлкен шеңбер ішінде де ұстауға құқығы бар; ұсталған «қояндар» жаңа қарауыл сайланғанша ойынға қатыса алмайды; «қояндар» жетекшінің бұйрығымен бір немесе екі аяқпен секіре алады; Ережені бұзғандар ойыннан шығарылады.
Ойынның педагогикалық маңызы: ойын оқушыларды шапшаңдық, ептілік сапасы мен секіру қабілеттерін дамытып жетілдіреді. Тез шешім қабылдауға, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет