82. Мияу, мияу Топтағы ойыншылардың бірінің көзін байлап, қолына таяқ береді. Қалғандары оны айнала қол ұстасып шеңбер бойымен айналады. Көзі байлаулы бала айнала жүргендерге «Тоқта!» дегенде барлығы тоқтай қалады. Көзі байлаулы бала, айнала тұрғандардың бірін таяқпен ақырын түртеді. Түрткен қалпында ол өзі «ду-ду, гу-гу, су-су» деп дыбыс береді. Таяқ тиіп тұрған бала «миау, миау» деп жауап қайтарады. Көзі байланған бала жауап қайтарған кім екенін табуы қажет, тани алмаса көзін байлаған бала сол қалпында қалып, ойын ары қарай жалғасады. Қашан тапқанда барып орын алмастырады. Таба алмаса ойыншылардың талабын орындайды.